Білім көшбасшысы

Ақмола облысында ағылшын тілінің мұғалімі үздік педагог атанды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақмола облысында «Үздік педагог - 2019» байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ақмол облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, мұғалімдердің мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашыл педагогтарды анықтау мақсатында бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдардың педагог қызметкерлері арасында ұйымдастырылған байқау Көкшетау қаласының №13 «ЭКОС» орта мектеп-гимназиясы базасында өтті.


Байқауға облыстың 19 ауданы мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан, сондай-ақ 4 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептен 24 педагог қатысып, бақ сынады. Байқау «Менің кәсіби ұстанымым» педагогтың өзін-өзі таныстыру, «Шығармашылық зертхана», «Мен - заманауи педагогпын», «Педагог портфолиосы» тәрізді бес кезеңнен тұрды.


Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломы мен ақшалай сертификатына ие болды. Нақтырақ айтсақ, бас жүлде - 150 мың теңгенің сертификатына Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Самал Ахметжанова лайық деп танылса, 1-ші дәрежелі диплом мен 100 мың теңгенің сертификаты Целиноград ауданындағы Қоянды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Дауыл Ұланға, 2-ші дәрежелі диплом мен 75 мың теңгенің сертификаты Бурабай ауданындағы № 9 мектеп - гимназиясының география пәні мұғалімі Сайран Сердалинге, 3-ші дәрежелі диплом мен 50 000 теңгенің сертификаты Көкшетау қаласындғы №6 мектеп - лицейінің тарих пәні мұғалімі Гүлсұлу Қасенова және Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды балаларға арналған №2 мамандандырылған мектеп - интернатының математика пәнінің мұғалімі Руслан Төрехановқа бұйырды.


Бұдан бөлек, «Астана қаласы мен Ақмола облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ түрлі аталымдар бойынша жеңіске жеткендерге 40 мың теңгенің ақшалай сыйақысын табыс етті.


Жүлдегерлердің арасында Көкшетау қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектептің тарих пәні мұғалімі Салтанат Алпыспаева, Жақсы ауданындағы №1 Жақсы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айжан Әділшынова, Ақкөл ауданындағы №2 Ақкөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Татьяна Кучерова, Атбасар ауданындағы №1 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлия Нұрманова, Шортанды ауданындағы №3 Шортанды орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Амантай Нұрбол бар.



 




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 22:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Наурыз 2015
    Фотосы бар материал Балабақша өмірі
    5 Наурыз 2015
    Спорт саңлақтары
    5 Наурыз 2015
    Мектеп тынысы
    5 Наурыз 2015
    Біздің мектеп
    10 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Біздің үздіктер!
    3 Ақпан 2015
    Алтын адамға
    3 Ақпан 2015
    ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
    29 Қаңтар 2015
    Үздік жетілік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31