Білім көшбасшысы

«Арыстан» – қазақ елінің айбыны

  • «Арыстан» – қазақ елінің айбыны

    «Арыстан» – қазақ елінің айбыны

Қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген қанатты сөзі бар. Иә, бүгінде терең білімді, қырағы мінезді, батыл да, алғыр батырлар тәрбиелеу еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Осы орайда 2011 жылы Мемлекет басышысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры аясында «Арыстан» мамандандырылған лицейі ашылған болатын. Дәл қазіргі кезде лицей төртінші жыл қатарынан болашақ әсекери маман болғысы келетін жасөспірімдерді қабылдауда.

«Арыстан» мамандандырылған лицейі – әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қабылдап, тегін білім береді. Алайда «Арыстанға» оқуға түскісі келетін жасөспірімдерге қатаң талап қойылған. Болашақ әскери маман болғысы келетін балалардың білімі, оқу үлгерімі жақсы, денсаулығы мықты, спортқа бейімі болуы тиіс. Қазақстанның түкпір-түкпірінен «Арыстанға» түсуге ниет білдірген балалар бірнеше кезеңнен тұратын сыннан, емтиханнан өтеді.

Айталық Орал, Маңғыстау, Семей секілді қалалар мен алыс-жақын ауылдардағы балалар өздерінің тұрғылықты жері бойынша әскери комиссариатқа «Арыстан» лицейіне түскісі келетінін туралы өтінші білдіреді. Ал «Арыстан» мамандандырылған лицейі еліміз бойынша барлық әскери комиссариаттармен байланыста. Егер кейбір өңірлерде өтініш білдірген балалардың саны көп болса, лицей ұсаздары, офицерлер сол өңірлерге барып балаларды іріктеп алады да, ары қарай емтиханнан өткізу үшін Алматыға алып келеді. Балалардан өтініш бірді-екілі аз түскен қалалар мен аудандардан өтініш білдірген баланың өзін шақыртып алады. Лицейге түсуге үміткер балалар негізгі пәндерден тест тапсырады, психологиялық тесттерден өтеді, өздері туралы эссе жазады, медициналық тексеруден өтеді, спорттан түрлі сынақтар тапсырады. Емтиханның бірнеше кезеңінен сүрінбей өткен жасөспірім балалар лицейге қабыладанды.
Лицейдегі ұстаздардың айтуынша, жылда лицейге жүздеген балалар келіп, оқуға түсуге талаптанады, алайда жыл сайын лицейді бітірген 80 түлектің орнына 80 жасөспірім ғана қабыладанады.

Сәбит Сәуменұлы Тауланов, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің басшысы, запастағы генерал-майор, тарих ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы: – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры аясында ашылған «Арыстан» мамандандырылған лицейі еліміздің қарулы күштері, ішкі істері мен ұлттық қауіпсіздік саласына білімді де, білікті мамандар даярлау мақсатында ашылған еді. 2011 жылы ашылып, ең алғаш шәкірт тәрбиелей бастаған «Арыстан» лицейі небәрі 4 жыл ішінде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Біз 2013 жылы тұңғыш түлектерімізді лицейден қанаттандырдық. Сол түлектеріміздің барлығы дерлік әскери жоғары оқу орындарына түсті. Біздің балаларымыз қазіргі таңда Ресейде, Беларуссияда, АҚШ-та, Түркияда, Қытайда білімдерін жалғастырып жатыр. Мен біздің балаларымыздың болашақта еліміздің мүддесі үшін аянбай қызмет ететін білікті маман, нағыз отан қорғаушылар болатынына кәміл сенемін. Өйткені лицейге сайдың тасындай іріктелген балалар ғана оқуға түседі. Қатаң талаптардан өте алған, өздеріне сенімді, психологиялық жағынан тұрақты балалар оқиды. «Арыстан» лицейіне түскен балалардан талап етілетіні – ең алдымен тәртіп, білім, салауатты өмір салты. «Арыстан» – «сегіз қырлы бір сырлы» жігіттерді тәрбиелейтін оқу орны болғандықтан да мұндағы талап күшті. Оқушылар 24 сағат бойы оқу орнында. Олардың әкесі де, шешесі де, ағасы мен бауыры да – біз, ұстаздары. Олардың әр сағаты құр өтпейді. Балаларға тек 1 сағат бос уақыт бөлінген. Қалған уақыттарда олар сабақ оқиды, үйірмелерге қатысады, театрға барады, спортпен шұғылданады. Сондай-ақ лицей оқушылары түрлі олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар иеленіп жүр. Тіпті халықаралық білім және спорт додаларына қатысқан біздің балалардың үздік нәтиже көрсетіп жүргендері қуантады.

«Алаш айнасының» тілшісі «Арыстан» лицейіне барып, лицейге түсуге ниет білдірген үмтікерлердің емтиханнан өтіп жатқандығын өз көзімен көріп қайтқан еді. Талғар ауданына қарасты Бесқайнар ауылында, табиғаты тамаша тау бөктерінде орналасқан лицей оқу кешені заманға сай жабдықталған. Мұнда оқушыларға барынша жағдай жасалған. Спорт алаңдары, бассейін, асхана, үлкен ғимарат, көркем панорама әскери маман болғысы келетін әрбір балаға ерекше құлшыныс беретіні анық.

Лицейде сабақ беретін білкті ұстаздар, ғылым кандидаттары мен докторлары, дәрігерлер мен спорт шеберлері елдің болашақ сарбаздарын даярлауға ерекше мән беретіндерін айтады. Мамандардың айтуынша, «Арыстанға» негізінен әскери маман болуды кішкентайынан армандаған, осы мамандықты шын сүйетін оқушылар түседі екен. Өйткені кез келген балаға темірдей тәртіпке төзу оңай емес. Ал балалары лицейде білім алатын ата-аналардың бірі Ринат пен Айманның айтуынша, ұлдары осы оқу орнына түскелі тәртіпке, әдептілікке, өнер-білімге үйренгенін айтып, балаларын мақтан тұтады. «Бұрын киімі шешкен жерінде қалатын баламыз бір жылдың ішінде ұқыптылыққа үйренді. Үйге демалысқа келгенде мұнтаздай тап-таза жүреді, киімдерін үнемі іліп қояды, тамақ ішкеннен кейін ыдыстарын да өзі жуады, ең бастысы оқу, білімге деген құштарлығы артты», дейді Айман.

Лицей оқушылары тек білімді ғана емес өте өнерлі екен. Арыстандықтардың ешбірінде кәсіби музыкалық білім болмса да, олар түрлі аспаптарда ойнайды, лицейдің өз оркестрі бар, сондай-ақ балалардың арасында әнді тамаша айтатындары және биді өте жақсы билейтіндері де көп екен.
«Арыстан» колледжі Алматы қаласындағы Чайкосвкий колледжімен, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясымен, Селезнев атындағы би училищесімен өте тығыз байланыста. Аталған оқу орындарының тәрбиеленушілері «Арыстанға» мерекелерде келіп тұрады, оларға арнап лицейде арнайы би кеші ұйымдастырылады.
«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты», Отанын шын сүйетін патриот жастарды тәрбиелеп жатқан «Арыстан» мамандандырылған лицейіне сәттілік тілейміз. Асқақ рухты Қазақстанның болашағы бүгінгі жастардың қолында!

Қымбатты оқырман, "Арыстан" мамандандырылған лицейі туралы толық ақпаратты лицейдің ресми сайтынан оқи аласыздар. lyceum-arystan.kz/
Айнұр Сенбаева
 

 

 




Көрілген: 2677    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.08.2015, 09:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Наурыз 2015
    Фотосы бар материал Балабақша өмірі
    5 Наурыз 2015
    Спорт саңлақтары
    5 Наурыз 2015
    Мектеп тынысы
    5 Наурыз 2015
    Біздің мектеп
    10 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Біздің үздіктер!
    3 Ақпан 2015
    Алтын адамға
    3 Ақпан 2015
    ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
    29 Қаңтар 2015
    Үздік жетілік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31