Баланың дамуына инновациялық өнімдердің әсері

Баланың дамуына инновациялық өнімдердің әсері

Астана, №63 «Әсем-ай»
балабақшасының меңгерушісі
А. Смакова

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызын айқындаған болса, осы жолдауды қолдай отыра, жас ұрпаққа білім берудегі басты мақсат жеке ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты жеке дамыған тұлға қалыптастыру көзделген. Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің инновациясының даму деңгейімен анықталатыны белгілі.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, тұрақты дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жылдам ақпараттануы мен динамикалылығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейтеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі - қазіргі жағдайда табысты бейімделуге қабілетті баланың тұлғалығын дамыту мен қалыптастыру үшін жағдайды қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының білімдік үдерісінің сапасын арттыруды шешуде ақпараттандырудың үлкен орны бар. Ақпараттық - қатынастық технологияларды (АҚТ-ды) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс істеу тәжірибесәнде пайдалану мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады.
Бала өмірінің алғашқы алты жылында қабілеті мен икемділігінің дамуы маңызды орын алатындықтан, әлеуметтік өзара ерте әрекеттестік және білімдер мен машықтарды ерте игеру баланың ғұмыр бойы оқу мен іс-әрекет ету қабілетіне шешуші ықпал етеді. Ақпарттық - қатынастық технологиялар мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлық компьютерлік сауаттылығын игеруге және балаларды мектепте оқытуға дайындауға, балаларды қоғамда табысты әлеуметтендіру үшін жағдайлар жасауға көмектеседі. Осы нәтижелерге жету үшін жаңа қоғамның талабына сәйкес инновациялық өнімдер жасалынып жатыр.
 Интерактивті тақта
 «Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік ке¬шен
 Soft-Mocart - интерактивті музыка әліппесі
 E-blocks
 Электронды киіз үй
 Әуенде кесте
 Даналық әліппесі
 Ұлттық ойыншықтар

Жоғарыда аталған инновациялық өнімдер балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайтып, оқу үдерісін жаңаша үлгіде өткізуге септігін тигізіп келеді.
Интерактивті тақта- біріншіден, ол тек маркермен ғана емес, және де қолмен де басқарылады, әрине, балалар қарындашпен немесе фломастермен сурет салуға әдеттенген, бірақ заттарды қолмен қозғалту анағұрлым табиғи болып келеді. Екіншіден, балалар тапсырманы командада немесе бір-бірімен жарысып орындай алады – тақта бір мезгілде барлық бет бойынша үш жанасуды таниды. Тағыда жануардың картинкасын басып, оның атын есту немесе тапсырмаға сәйкес – мысалы, жыл мезгілдерінің біріне жататындарды экранда сүйреп таси отырып, картинкаларды топтастыру балаларға қызықты болады.
«Сиқырлы қалам» интерактивті оқу-әдістемелік ке¬шен - қазақ және ағылшын тіл¬дерін үй¬ретуге арналған, балалардың сөйлеу іс-әрекетін белсенді етуі үшін және мектеп жасына дейінгі балалардың дұрыс сауатты сөйлеу машықтарын төселдіруі үшін кең мүмкіндіктері бар. Балалар есту, көру, қайталау арқылы сөздерді дұрыс айтуға жаттығады. Инновациялық кешен
кез - келген теледидарға немесе компьютерге қосылады, сол арқылы та-нымдық, қабілеттерін арттырады.
E-blocks –ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға арналған инновациялық әдіс. 3 жастан – 12 жасқа дейінгі балалар әртүрлі деңгейге байланысты жұмыс жасайды. Балалар тапсырмаларды орындай отырып, қызығушылықпен тәжірибе жасауға талпынады. сенсорлық қабылдауы - көру, есту, дәм сезу секілді қабі¬леттерін күшейтіп, түрлі ақпарат алуына жағдай туғызады.
Soft-Mocart - интерактивті музыка әліппесі- авторы Елена Хайнер, мектеп жасынан баланың музыкаға деген қабілеттілігін аша отырып, ноталарды үйреніп, фортепианода ойнауды игереді.
«Әуенді кесте»- мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептің мектепалды дайындық топтарында сауат ашу пәнін ұйымдастыруға арналған технология.
«Даналық әліппесі» оқу-тәрбие кешені- балаға жастайынан ұлттық дәстүрде тәрбиелей отырып, бала бойына халық даналығын сіңіртеді, домбыра мен қобыз үнін шертіп, халық ертегілерін, аңыздар, жырлар мен халық тағылымдары жайлы сөйлейтін қаламы бар.
Электронды киіз үй - ұлттық құндылықты дәріптейтін бұл техника сапалы бөлшектерден, залалсыз материалдардан жасалған құрылғы. Жобаның авторы – Ғалымбек Қызырбекұлы, ол төрт бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім – ертегілер. Бала санасына адами қасиеттерді сіңіріп, қазақтың бай фольклорлық мұраларымен сусындатып, тілдік қоры мен әдеби жасампаздық қуатын арттырады.
Екінші бөлім – балалар әні. Негізінен балаларға арналған әндер топтамасы. Орындаушылардың дені талантты жасөспірім әншілер. Қазақ әндерін жаттауға, ән үйренуге тиімді.
Үшінші бөлім – күйлер. Бұл бөлімде дәулескер күйшілеріміздің күйлері қамтылған. Ұлттық өнердің мөлдірінен мейлінше сусындауға бағытталады. Онда ұлттық аспаптарымыз домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, адырна, шертермен орындаған күйлер енгізілген.
Төртінші бөлім - дәстүрлі ән, терме-толғаулар, бесік жырлары, батырлар жыры және Абай атамыздың 45 қара сөзі.
Ұлттық ойыншықтар:
Мағыналы оюлар - екі бетіне эртүрлі ою- өрнектер салынған 70 - 80 кішкене шаршы тақтайшалардан тұратын кұрастырылмалы ойыншык- көрнекі құралы. Қарапайымнан күрделіге қарай бала қиялымен үйлесімі келіскен сансыз ою- өрнектер құрастыруға болады.
«Гүлдесте» - таза табиғи ағаштан дайындалған магнитті ойыншық. Әр түрлі гүлдер топтамасын құрастыруға болады. Баланың шығармашылдығын қалыптастыруға, танымдық негіздегі көрнекі құрал ретінде баланың жалпы дүниетанымын кеңейтіп, білуге деген құмарлығын оятуға, өнерге үйретуге бағытталған.
Жануарлар әлемі- Түр-түсті еркін ажыратып, көлем, пішін туралы түсініктерді калыптастыру үшін табиғи таза ағаштан дайындалған жануарлар, құстар бейнесіндегі түрлі-түстегі агаш ойыншықтар. Жоба авторы Сәкен Болысов.
Қорыта келе, жоғарыда аталған инновациялық өнімдер балабақшамыздың оқу үдерісінде кеңінен қолданылып келеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолдану талаптары да ескеріледі. Эксперименттік алаң аясында эксперименттік топтар өз жұмысына элементтерін қолданып, меңгеріп келеді. Инновациялық өнімдерді қолдану балаларға қарым-қатынас құрудың (жазбаша немесе ауызша түрде) мүмкіндіктерін ұсынады. Әр түрлі өнімдер ерекшеліктеріне сай алуан түрлі құрылғыларының және жазбаша сөйлеуді, оқуды, сурет салуды қолдайтын құрал-жабдықтардың көмегімен қол жеткізіледі. Балалардың дамуына әсер ететін инновациялық өнімдерді үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:
- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім алушылардың білім, білік жас ерекшелігін ескере отырып, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже педагогтің кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- ақпараттық- қатынастық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста