Кәсіби қоғамдастықтың тиімділігі

Кәсіби қоғамдастықтың тиімділігі

Бүгінде еліміздің білім беру саласының дамуына жаңа мүмкіндік берудің жолдары жан-жақты қарастырылуда. Өйткені бүгінгі білім жүйесі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалімді қажет етеді. Қоғамда педагог қызметінде жаңа бағыттарды, жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілейді. Оларға қол жеткізу жалғыз мұғалімге оңайға соқпауы мүмкін, бірақ білім процесіне жаңа тұрғыларды енгізіп жүрген тәжірибесі бар және сол тәжірибесімен бөлісуге даяр мұғалімнің көмегімен бұл жағдайдан шығуға болады.

Мұғалім тәжірибесіне компьютерлік технологиялардың енгені соншалық, педагогтер оларды күн сайын пайдаланып қана қоймайды, сонымен бірге оларда озат тәжірибені тарату және жинақтауға, пәндерді оқытудың өзекті мәселелерін талқылауға, педагогикалық идеялармен алмасуға, тез дамитын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлеуетінқолдануда болатын жаңа мәселелерді талқылап, шешуге қажеттілік пайда болады. Педагогтердің желілік қоғамдастықтары, интерактивті әдістемелік кабинеттер - кәсіби ортаны қалыптастыратын бірден-бір құралдар. Шекара мен қашықтықты білмейтін педагогтердің желілік қоғамдастығында маңызды міндеттер арнайы кездеспей-ақ, пошта, басқа да электрондық тасымалдау құралдары арқылы шешілетін болды.

Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық виртуалды түрде және ресурстық орталықтар арқылы құрылуы мүмкін. Мұғалімнің желілік қоғамдастықтағы қызметін ұсынылған бөлімдер бойынша бағалауға болады. Олар – тіркелгені, ресурстық қорға үлесі, ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану, қарым-қатынас мәдениеті деңгейі және тақырыпқа сай жұмыстану белсенділігі. Мұғалім бірінші кезекте өзін-өзі бағалайды, ол өз кезегінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде

мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер береді. Желілік қоғамдастықтардың пәндік бірлестіктерден гөрі атқаратын қызметі ауқымды, қамтитын көлемі кең. Желілік қоғамдастық алдыңғы кезекте мұғалімдердің кәсіби өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етеді және қоғамдастық жұмыс аясын кеңейте отырып басқа мектептермен байланысқа шыға алады. Мектептегі желілік қоғамдастықты І (ілгері) деңгей мұғалімдері ғана құрып, дамыта алатынын біз күнделікті тәжірибеден көріп жүрміз.

Негізінен, онлайн қоғамдастық құруды жөн санаймын. Ол үшін әріптестер арасында мақсатты диалог ұйымдастыру керек. Қоғамдастық жұмысын дамытуда мұғалімдердің күнделікті міндеттері мен уақыттың жетіспеушілігі бетпе-бет кезедесулеріне кедергі болуына байланысты онлайн қоғамдастық тиімді болады деп есептеймін. Өйткені форум мен чаттар арқылы бір-бірімен пікір аламасады, орта және қысқа мерзімді жоспарларын, сабақтардың сурет пен бейнежазба көріністерін қоғамдастық бетіне жариялап, пайдалы ақпаратпен алмасуға мүмкіндік алады. Қоғамдастықта конференция ұйымдастыру арқылы бір-бірінің сабақтарына, өткізілген коучингтеріне кері байланыс беру мүмкіндігіне қол жеткізеді. Лейтвуд пен Левин (2004) білімалушылар қоғамдастықтары өздерінің жұмысы тиімді әрі сенімді екендігін жұртшылықтың көзін жеткізу үшін өздерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу керек екендігін еске салады. (МАН І деңгей) Олай болса мына жаһандану заманында мұғалімдердің кәсіби дамып, оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдерді дамытып, өзара пікір алмасып тұруына қоғамдастық құру аса маңызды екенін түсіну қажет. Қоғамдастық мұғалімдердің тәжірбие алмасуына және өзінің бастамаларын ары қарай таратуына кеңінен қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, жекелеген мектеп шеше алмайтын проблемаларды ортақтаса отырып талқылап жетілдіруге мүмкіндік бар.

Қоғамдастықтың мақсаты: * білімнің құндылықтарын жоғары бағалайтын жаңашыл педагогтардың кәсіби білімдерін дамыту; * өзара тәжірибе алмасып, дамуына жағдай жасау * барлық іс-шара жұмыстарды бірлесіп шешу. Жұмыс жасау қағидаттары: * сенімділік; * жауапкершілік; * өзара қолдау * шынайы қарым-қатынас Қоғамдастық құрамына: мектеп әкімшілігі, деңгейлік бағдарлама бойынша оқуын бітірген мұғалімдер, оқушылар және пән мұғалімдері кіреді.

Қауымдастықтың берік болуы және білім беру саласындағы айтулы жетістіктерге жетуі өзара сыйластықпен пікірлес адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі-оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де, жалпы мектеп үшін зор

пайдасын бермек. Жұмыс жасау қағидаттары талданып, нақтыланып, әр топ мүшесі өзінің функционалдық қызметін білу керек.

Құрылған қоғамдастықтың мұғалімнің кәсіби, оқушының тұлғалық дамуына мектептің дамуына мынандай ықпалы болды: * Мектеп білім деңгейін көрсете білумен қатар, басқа мектептермен өз білім деңгейін салыстыра алады. * Мектеп салыстырмалы түрде атқарған іс - әрекетіне зерттеу жүргізеді, анықтайды, шешім қабылдайды. * Мектеп білім сапасының деңгейін басқа мектептермен салыстыра отырып алға ұмтылады. * Мұғалімдер өзара білім алуға, тәжірибені біріктіруге ақпарат алмасуға қол жеткізді. * Шешілмей келе жатқан мәселелерді шешуге, жаңа идеялармен алмасуға үйренеді. * Мұғалім әр баланың жан дүниесіне үңіле отырып, білім берудің әдіс – тәсілдерін оқушы деңгейіне қарай іріктеуіне. * Мұғалімнің бірлескен жұмыс арқылы кәсіби деңгейін зерделеуге. * Туындаған мәселені талдай отырып кезеңмен игеруге. * Өзіне, өзгенің ісіне сын тұрғысынан қарау арқылы дұрыс шешім табуға * Мұғалімдер басқа мектептегі пән мұғалімдерімен өз білім деңгейін салыстырады, іздену жұмыстарымен шұғылданады. * Кәсіптік дамуы мен оқу туралы пікірлерін талқылап, бір - бірін қолдау көрсетуге, марапаттауға қол жеткізді. * Бірлескен зерттеулер, талдаулар жасай отырып, өз істерін дәріптеуге газет, журналдарға жарнамалауға қол жеткізді. * Оқушылар еркін ақпарат алмаса алады.

 Бамұратов Мұсырман Үсенұлы 

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы

«С. Сейфуллиин атындағы ЖОМ» химия пәні мұғалімі

Әдебиеттер тізімі:

1. «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы», А.Құсайынов, Алматы-2013;

2. Мұғaлiмгe aрнaлғaн нұcқaулық. Бiрiншi (iлгeрi) дeңгeй.

Eкiншi бacылым, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014 жыл

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста