Қоғамдағы ұстаз мәртебесін арттыру мұғалімнің өз қолында

Қоғамдағы ұстаз мәртебесін арттыру мұғалімнің өз қолында

Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ


«Адамның бір қызығы – бала деген, баланы оқытуды жек көрмедім» деп хәкім Абай айтқандай, мұғалімдіктің де өз қызығы бар. Бірақ қиындығы да аз емес, соны жеңе білген жан ғана шәкірттерінің жүрегіне жол табады. Қазіргі қоғамдағы ұстаздар мәртебесі туралы сөз қозғар алдында, қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», – деген сөзі еске түседі. Яғни бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші жан – ол мұғалім. Қоғамда мұғалім мәртебесі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Дегенмен де, білім мазмұнының өзгеруіне байланысты, мұғалімге деген көзқарас та, талап та өзгеруде.
Мемлекет білім беру саласын дамытуға, жас ұрпаққа заман талабына сай сапалы білім беруге барлық жағдай туғызуда. Осыған орай, мемлекет тарапынан тегін өткізіліп жатқан біліктілік курстары, педагогтардың категорияларын анықтайтын ұлттық біліктілік тестісі және білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нығайтылуы, олардың заманауи ақпараттық технологиялармен жабдықталуы, мұғалімнің тек пәндік білімімен шектеліп қоймай, педогогикалық, психологиялық құзреттілігін арттыруды талап етеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деген сөзі мұғалімдер қауымы жауапкершілігінің қаншалықты жоғары екендігін білдіреді. Сондықтан ұрпақтың білімді, саналы болып қалыптасуы жолында тер төгетін мұғалімнің дәрежесін көтеру мәселесі ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауында айтылды. Жолдаудағы мұғалімдердің жалақысын көбейту тапсырмасына сай, мұғалімдердің жалақысы өсті. Сонымен қатар, қосымша үстем ақы жүйесі де енгізілді. Оған шәкірттерін халықаралық стандарттарға сай бағдарламамен оқытып жүрген білікті ұстаздар қол жеткізе алады, ал жаңартылған білім мазмұныны бойынша жаңа форматта сабақ беретін мұғалімдердің еңбекақысы 30, үш тілдік саясатқа байланысты жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде өткізетін мұғалімдерге 35, аттестаудың жаңа форматы бойынша тестлеуден өткен мұғалімдер модератор-мұғалім 20, сарапшы-мұғалім 30, зерттеуші-мұғалім 40 пайыз, шебер-мұғалім екені дәлелденсе, 50 пайыз мөлшерінде жалақысына үстем ақы қосылады. Осы тұста айта кететін жайт, аттестациядан өтпей қалған күннің өзінде мұғалімнің бастапқы категориялары сақталады. Заң бойынша, мұғалімнің біліктілік деңгейі бес жыл бойы сақталады. Осының бәрі мұғалім еңбегінің әділ бағаланатындығының көрсетекіші деуге болады.
Бүгінде оқушыларға, ұстаздарға арналған түрлі байқаулар мен жарыстарды қоғамдық қорлардың қолдауы мұғалімнің еңбегін материалдық және моральдық жағынан ынталандырып және оның әлеуметтік мәртебесін көтеруде. Мысалға, Алматы қаласы әкімдігінің тапсырысымен «R-Media» компаниясының ұйымдастыруымен өткен «Тұлпар мініп, ту алған!» атты әдеби және тарихи-танымдық байқауы мұғалімдер күні қарсаңында мәресіне жетіп, жүлдегер оқушылар І орын – 1 500 000 теңге, ІІ орын – 1 000 000 теңге, ІІІ орын – 500 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталып және осы оқушыларды дайындаған мұғалімдердің еңбегі еленіп, шетелде ағылшын тілі курсынан тегін оқып келуге жолдама берілді. Аталмыш іс шараға қатысқан лицейіміздің 6 сынып оқушысы Абылай Бердашев екінші орын алып, тағайындалған 1 000 000 теңгені алса, оқушыны дайындаған ұстаз Айжан Оспанбекованың екі ай шетелде тегін оқып келу мүмкіндігін алғаны, басқа да оқушылардың, мұғалімдердің, және ата-аналардың тереңірек ізденіп оқуға деген көзқарасына түрткі болды. Бұл іс шара мұғалімінің қоғам алдындағы және ата-ана алдындағы мәртебесі біршама көтерілгенінің көрінісі болды.
Мемлекет басшысының «Қазақ¬стан¬ның Үшінші жаңғыруы: жаһан¬дық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақ¬стан халқына Жолдауына сәйкес енген «Цифр¬лы Қазақ¬стан» мемлекеттік бағ¬дар¬ла¬масы бойынша лицейімізде электронды күнделіктердің енгізілуі ата-аналарға оқу бағдарламасын және баланың сабақ үлгерімін, сабақ жоспарларын қадағалауға мүмкіндік беріп, ата-анмен мұғалім арасындағы байланыстың жеілдірілген, онлайн заманауй қатынасын орнатты. Ал, мектебіміздің кең жолақты интернетке қосылып, арнайы видеоқұрылғылармен, кабинеттеріміздің интерактивті тақталармен жабдықталуы, IT сыныптарының ашылуы оқушыларға жан-жақты білім алуда, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай туғызып отыр. Сонымен қатар, мұғалімнің жұмысын біршама жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылтып, уақытын үнемді пайдалануға жағымды әсер етті.
Ойымды қорытындылай келе, бүгінгі мұғалім жылдам дамып келе жатқан қоғам мүддесіне сай қызмет етіп, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ұстазға тән қасиеттің барлығы бойынан табылып тұрса, ешкім ол мұғалімге негізсіз мін таға алмайтыны да анық дегім келеді. Олай болса, қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыру, мұғалімінің өз қолында екені анық. Ал мұғалімнің мәртебесі артса, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолға қойылады. Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шабыттандырады» дейді. Ендеше, елімізде білімге негізделген ин¬но¬вациялық же¬тіс¬тіктерді елдің даму стратегия¬сымен сабақтастыратын, әрі оны жүзеге асыруына үлкен үлес қосатын ұстаздарды кәсіби мерекесімен құт¬тықтай отырып, мерейлі еңбектеріне сәттілік тілеймін!


Эльмира Жанатқызы Рапилова,
Алматы қаласы №178 лицейінің мұғалімі,
Білім беру саласының үздігі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста