ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР МАМАНДЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР МАМАНДЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп бекер айтылмаса керек. Шындығында, мұғалім — барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін  абзал  жандар, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ «Педагог мәртебесі» туралы Заң да мұғалім мамандығының өміршеңдігін, маңыздылығын және биік тұратындығын дәлелдейді.

Мұғалім мамандарын ұлттық статусы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жыл сайын әртүрлі мамандықтар бойынша бакалавр мамандықтарын да, магистратанттар мен докторанттар да даярлап, республикамыздың түкпір-түкпіріне жолдама беріп келеді. Аталмыш университеттің Педагогика және психология жоғары мектебінің жалпы педагогика кафедрасы да «7М01101 – Педагогика және психология», «7М01102 – Педагогикалық өлшемдер» және «7М01103 – Білім берудегі көшбасшылар» мамандықтары бойынша әрі бейіндік, әрі ғылыми-педагогикалық бағытта магистранттар даярлаумен шұғылданады. Білікті де білімді профессорлар – К.Н.Сариева, К.С.Абдиев, Ш.Т.Таубаева, К.С.Құдайбергеновалар білім алушылардың зерттеушілік және әдіснамалық мәдениеттерін дамытуда жоғары білімнен кейінгі оқытуға зор үлесін қосып отыр.

Мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларына педагогика ғылымдарының магистрлерін дайындауға арналған модульдік бағдарлама Дублин дескрипторлары негізінде қалыптасатын және жеке, жалпы мәдени және кәсіби дайындық құзыреттіліктері арқылы көрінетін оқу нәтижелерімен анықталады. Олардың бірегейлігі - blended learning форматында жүзеге асырылады, бұл жұмыс орнын сақтай отырып, модульдерге қатысуға, басқарушылық құзыреттілік деңгейін жақсартуға және оқу процесінде алған білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, өйткені бағдарламадағы жобалық сессияларды, іскери ойындарды ұйымдастыруға білім беру саласындағы жетекші ғалымдар, сарапшылар мен практиктер, білім беру саласындағы зерттеушілер шақырылады.

Жалпы педагогика кафедрасында «Ғылым тарихы мен философиясы», «Жоғары мектеп педагогикасы», «Коучинг, тьюторлық және менторлық әрекеттер», т.б. заманауи тренд ерекшеліктеріне басымдылық беретін пәндерден А.М.Кенжан, Л.Т.Сайдахметова, М.К.Садықова, А.Ш.Икрамова сияқты доценттер дәріс жүргізеді. Бұл пәндердің негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру ұйымдары (оның ішінде халықаралық), білім беру саласындағы бизнес құрылымдар; әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік білім беру басқармаларында басшы болуға кәсіби дайындайды.

«7М01102 – Педагогикалық өлшемдер» мамандығы республикамызда ең алғаш біздің университетте ашылып, 10 жылдық тарихында 200-ге жуық мамандар даярлап шығарды. 

Магистратураға түскен білім алушылар ғылыми тағылымдамадан бірқатар дамыған шетелдерде тәжірибеден өту мүмкіндіктері бар. Халықаралық ынтымақтастық екі жақты келісімдер мен шарттар негізінде жүзеге асырылады. Серіктес жоғары оқу орындары "жоғары Экономика мектебі" ғылыми-зерттеу университеті (Ресей Федерациясы, Мәскеу), Литва эдукология университеті (Литва), Mississippi Valley State University (АҚШ), Niğde Ömer Halisdemir University (Түркия), The University of Silesia in Katowice (Польша), University of Perpignan (Франция), Hubei University (Қытай) және т. б. болып табылады.

 

 

Зерттеу жұмысымен қоса тәрбиелік іс-шаралар да кеңінен жүргізіліп, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан магистранттар еркін ат салыса алады.

 

 

Педагогикалық өлшемдер мамандарын даярлауда ресми эдвайзерлердің де жасап жатқан еңбектері көп. Олар көшбасшылық қабілеттерді, креативтілік пен эмоциоанлды интеллект дамытуда түрлі мәдени іс-шаралар, дебат, диспут, ролдік ойындар арқылы кәсібиліктерін шыңдауға көмектесіп жүрген Б.С.Қылышпай мен С.Ч.Байсұлтанова сияқты өз істерінің шеберлері де Педагогикалық өлшемдер мамандарының болашағы зор екендігіне септігін тигізуде.

Педагогикалық өлшемдер мамандығы магистранттары болашақта келесі ретте  жұмыс істей алады:

- әлеуметтік және білім беру жобаларының, инвестициялық бағдарламалардың жетекшілері;

- талдаушылар, әртүрлі деңгейдегі менеджерлердің кеңесшілері.

- білім беру саласындағы жобаларды бастауға, білім беру бизнес жобаларын жүзеге асыруға, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Қорыта келе айтарымыз, бүгінгі таңда халықаралық, ұлттық және өңірлік мәнмәтіндерде өлшеудің, бағалаудың, тестілеу мен сараптаудың ғылыми-практикалық негіздерін меңгерген білім және ғылым саласындағы Педагогикалық өлшеулер бойынша дайындық мәселесі өзекті болып қалуда. Сондықтан педагогикалық өлшеулер бойынша мамандар даярлауға басты назар аударылады.

Сарапшылар ЖОО-да осы сала мамандарын даярлау процесі мен іс жүзінде нақты кәсіби қызмет жағдайлары арасындағы алшақтықтың бар екенін атап өтті. Бұл айырмашылықтар Квалиметрия бойынша мамандарды кәсіби даярлау процесінде белгілі бір проблемалар мен қиындықтардың қалыптасуын анықтайды.

Жалпы, педагогикалық өлшеулер бойынша мамандардың кәсіби қызметі: білім мен ғылымның перспективалық және стратегиялық міндеттерін іске асыруға; білім берудің әртүрлі сатыларында білім алушылардың оқу процесінің сапасын және оқу жетістіктерінің деңгейін айқындауға; әзірленетін оқулықтар мен оқу құралдарын сараптамалық бағалауға; қазақстандық оқушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуын ұйымдастыру мен мониторингілеуге; білім алушылардың білім деңгейінің объективті нәтижелерін алу үшін тест материалдарын дайындауға бағытталған. 

Қазіргі заманғы квалиметристі шешетін міндеттердің күрделілігі мен көп қырлы болуы оның кәсіби қызметіне ерекше назар аударуды талап етеді.  Осыған байланысты Білім және ғылым саласындағы Педагогикалық өлшеулер бойынша маманның жеке және кәсіби қасиеттеріне жүйелі талаптар қойылады. Олардың көпшілігі ЖОО-дағы басқарушылық және сараптамалық қызметке кәсіби дайындық барысында жүзеге асырылады. Осылайша, педагогтармен де, мектеп оқушыларымен де Педагогикалық өлшеулер бойынша маманның жұмысын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.

ЖОО аяқтаушы бакалавр мамандықтарын біздің сапалы білім беру ордасы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне магистратура бойынша білім алуға шақырамыз.

 

Мейрамгуль Кеңесбайқызы Бұлақбаева,

Жалпы педагогика кафедрасы білім бағдарламасының көшбасшысы, профессор 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста