Шығыстың шыңға біткен шынары

Шығыстың шыңға біткен шынары

Шығыстың шыңға біткен шынары
Айтылады сіз туралы нағыз сөз,
Ұнататын шәкірттерің қағылез,
Бірде шалқып, бірде толқып кететін,
Жаны жайсаң ұстазымыз ер мінез.
Ұстаз – ана қадіріңді ел білмек,
Саяңызда шәкірттерің жүр гүлдеп,
Өзіңізден үйренгендер қаншама...
Тәлімгерлік – тәрбиеңіз бір мектеп.
Шәкіртіңіз тәлім алған бағы бар,
Жырақ кетсе өзіңізді сағынар,
Асқар таудай бәрінен де биіксіз
Ұстаздардың ұстазысыз танымал.
Өр шығыстың шыңға біткен шынары,
Қадіріңді білген жоқ ел шын әлі,
Құйылуда тасып өмір-өзенге,
Бойыңыздан білімнің кен бұлағы.
Қиыны мен қызығы түсер еске,
Өрге жүзіп келесіз өмір – көште,
Қажымай халық үшін еңбек етіп,
Келіпсіз мейірлі жас елу беске.


Астана қаласының ұстаздары


Шығыстың төртінші шынары
(Әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызына арнаймын)
Кейде ойлап күрсінемін тілдің жайын,
Шет тілде күмбірлеуге әркім дайын.
Туған тілде амандасып жүрмейміз бе?
Ағызып айтпасақ та сөздің майын.
Тілім, сен едің жөргекке құндақтаған,
Тек өзіңмен ең алғаш үн қатты адам!
Бір өзіңе даналар жыр арнаған
Ал бүгінде қайда атағың асқақтаған?
Жоқ! Мен бекер күдіктенем!
Мен тілімнен тек қана үміттенем!
Тілім қыран болсыншы, өмір – емен,
Сол қыранның бапкері Сіз болсаңыз
Несіне мен «Тіл жоқ» деп күдіктенем?!
Тілім тірі, Сіз аман отырғанда,
Сіздей жанның жүрегінде оты барда!
Мен бас ием бір Сізге тілім үшін,
Ал кемеңіз жүзсінші әр кез алға!
Шығыс қой шынарларын алып еткен,
Содан ғой жүрегімнің әні көктем!
Шығыста 4 шынар бар, елі үшін
Жол көрсетіп, жұлдыз боп жанып өткен!
Тұңғышы – шынарымның Абай дана,
Қазақты жыр алыбы Абай – дара!
Асқақтап Абай рухы биік тұрса,
«Ақынмын» деп санасам қалай ғана?
Екіншісі, Шәкәрім – ойшыл ұлы,
Қазақтың бір тумасы, шығыс ұлы!
«Қазағым» деп жүргенде, ұлы ақынның,
Қастандықпен үзіліпті өмір қылы...
Үшіншісі, ол Мұхтар, білесің бе,
Мойындамай «Ұлы» деп күлесің бе?
«Абай жолы» романы арқасында
Ұлы Абай халықтың жүр есінде.
Төртіншісі, үш Ұлының қарындасы,
Қазақтың ерке қызы, қарлығашы.
Шығыстың Қанипасы деп атанған,
Заманның ұлы ұстазы, сарындасы!
Ұстаз ол – ұлы есім байқағаным,
Ұстаздың еңбегімен жайқаламын.
Білім алып, өнегесін үлгі еткен,
Мен Сізді Абай деп те айта аламын!
Менің де ұстазым бар Сізге ұқсаған,
Білім, тәлім де қымбат маған!
Ұстазыма өнеге әр ісіңіз.
Ол да тілін сәбиіндей құндақтаған!
Бар тілерім, аман болып жүріңіз,
Мұңаймаңыз аз ғұмырда, күліңіз!
Ұстаздықтың жемісіне қуанып,
Тек мәңгілік бақытты өмір сүріңіз!
Құдагелдина Ақбота Көкпекті ауылы
Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің
11- сынып оқушысы

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста