Білім көшбасшысы

Ветеринария мамандарын дайындаудағы инновациялық бағыттар

  • Ветеринария мамандарын дайындаудағы инновациялық бағыттар

    Ветеринария мамандарын дайындаудағы инновациялық бағыттар

Ветеринария мамандықтары   мал өсіретін, оны пайдаланып, өнімдерін өңдейтін, сақтайтын, тасымалдайтын, саудалайтын нысандарда ветеринариялық талаптардың орындалуын қадағалайды. Бұл саладағы мемлекеттің халықаралық ұйымдардың (Халықаралық індетке қарсы бюро, сауда ұйымдары, әртүрлі экономикалық, кедендік одақтар) заңнамалық, қалыптамалық құжаттарының талаптарына сәйкес экспорт-импорт, транзит әрекеттерін іске асырады. Бұл бақылауды ауылдық округтен бастап, аудан, қала, облыс, республика дәрежесіндегі мемлекеттік инспекторлар  қамтамасыз етеді. Әрбір ауылдық, аудандық округте мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін полиция, салық, санитариялық-эпидемиология инспекторларының қатарындағы төртіншісі &ndash ветеринариялық инспектор.

Елбасы жолдауында аграрлық университтердің рөлін қайта қарау керектігін, оларға диплом беріп қана қоймай, ауыл шаруашылық кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды дайындауға тиіс екендігін айтты. Өйткені,  агроөнекәсіп саласы өте күрделі болып саналады.         Жұқпалы індеттің шекарасының болмауына байланысты ветеринариялық медицина қызметі бүкіл ел аймағында ғана емес, халықаралық дәрежеде үйлестіріледі. Бұл салада туындайтын мәселелер шекараның, әуежайлардың,   туризмнің жабылып, олардың  зор шығындарға  ұшырауына себеп болады.

Осындай күрделі мамандықты игеру үшін Қазақстандағы 6 аграрлық университеттерде ветеринария мамандарын дайындайды. Ондай оқу орнының бірі және бірегейі, көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Есполов Тілектес Исабайұлы басқаратын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті. Университетте ветеринариялық медицина және ветеринариялық санитария мамандықтары қамтылаған және білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады: бакалавриат, магистратура және докторантура.

Биыл Үкімет Қаулысымен Зерттеуші университет мәртебесін алған 90 жылдық тағылымды тарихы бар оқу орнының ветеринария факультетінде оқу жұмысы халықаралық интеграция дәрежесінде Болон процесінің қағидаларына негізделген. Ғалымдарымыз Европа, Азия, Америка елдерінің әйгілі университеттерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Осы бағытта БҰҰ-ның Індетке қарсы бюросы (ІҚБ) Ветеринария білімі бөлімінің «Twinning» жобасы негізінде Францияның Тулуза институтымен (Ecole Nationale Veterinaire de Toulouse) жұптастықта Қазақстанда ветеринария мамандықтарының оқу бағдарламаларын жаңалауға бағытталған ғылыми жоба орындалды. «Twinning жобасының Қазақстанда орындалу тәжрибесі» тақырыбында ҚазҰАУ-да БҰҰ-ның Індетке қарсы бюросының Орта Азия мемлекетері қатысуымен глобальды конференциясы өтті. ҚазҰАУ-ға алыс шетел университеттерінен  профессорлар шақырылып, студенттер алмасуда. Ағылшын тілінде білім алған студенттер (Т.Кыдырханов, Ж. Кужбанова, А. Турғанқұлқызы) дипломдық ғылыми жобалары бойынша жетекшісінің (профессор Е. Қасымов) ұйғарымымен  алыс шетелдерде соңғы заманауи  REAL-TIME RT- PCR зерттеу әдісін менгеріп, тәжәрибеден өтіп  қайтты. Келешекте Болон процесінің қағидаларына сәйкес магистр, PhD &ndash лермен қатар бакалавриат студенттердің де (ағылшын тілінде білім алатын) алыс шетелдерде тәжрибеден өтулері қарастырылуда.

Бүгінгі күні Елбасының «Болашақ» жобасы бойынша Ұлыбританияның «Warwik» университетімен, Халықаралық «Mevlana» жобасы бойынша Туркияның «Celcuk» университеттерімен конкурстық негізінде оқытушылардың білімін жетілдіруге университтер ректорлары арасында келісім шарттар жасылып, қол қойылып, іске асырыла бастады.

Бүгінгі күні университетте үш тілдік топтар құрылып, ондағы  студенттерге 30% оқу кредиттері ағылшын тілінде оқытылады. Ветеринариялық эпидемиология саласы бойынша «Zoonotic infections»   (магистратура), «Principals of veterinary epidemiology and biostatistics in transboundary infections» (PhD) пәндері (авторы профессор Е.И. Қасымов) оқу процесіне енгізіліп, 2015 жылдан бері оқытылуда. Магистратура, докторантурада жоғары білімді ары қарай жалғастырып, ғылыми зерттеулер жүргізіп ғылым магистрі, философия докторы атақтарына диссертация қорғалады.

ҚазҰАЗУ професорлары Халықаралық «Mevlana» жобасы негізінде ағылшын, түрік тілдерінде Туркия, Әзербайжан университтеттеріне  лекция оқуға  шақырылуда. Факультеттің «Ветеринариялық медицина, фармация және санитария» ғылыми зерттеу институты (директоры ҚР ҰҒА академигі А.Р.Сансызбаев) «Celcuk» университеті ғылыми орталықтарымен Қытайдың Үрімжі ғылыми зерттеу иниверситетімен, Ресейдің экспериментті ғылыми зерттеу институтымен (Москва) халықаралық ғылыми жобалар дайындалуда.

Университетте білімді агроөнеркәсіппен интеграциялауға бағытталған «Қазақстан-Жапон  инновациялық орталығы», «Қазақстан-Корея инновациялық орталығы», «Агротехнологиялық Хаб», «Халықаралық вакцинология орталығы»,  «Қазақстан-Белорус агроинженерлік орталығы», т.б заманауи зертханалар  жұмыс істеуде. Осы секілді жүзеге асырылып жатқан шаралар агроөнеркәсіп саласын көтеруге, көркейтуге атсалысып, оқу орнын ғылыми зерттеу университеті ретінде үлкен нәтижелелі жетістіктерге жеткізеді деп білеміз.

 

 Еркен Игенбайұлы ҚАСЫМОВ,

ветеринария ғылымының докторы, профессор

 

 

 




Көрілген: 447    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 09:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Наурыз 2015
    Фотосы бар материал Балабақша өмірі
    5 Наурыз 2015
    Спорт саңлақтары
    5 Наурыз 2015
    Мектеп тынысы
    5 Наурыз 2015
    Біздің мектеп
    10 Ақпан 2015
    Фотосы бар материал Біздің үздіктер!
    3 Ақпан 2015
    Алтын адамға
    3 Ақпан 2015
    ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ
    29 Қаңтар 2015
    Үздік жетілік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31