Көзқарас

Ардагерлерін ардақтаған ел азбайды

Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды. Елордамыздағы «Астана эксплутациялық локомотив депосында» Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің қатысуымен кездесу болып өтті. Бұл шараның өтуіне депоның жұмысшылары мұрындық болған. Кездесу барысында Анна Диденко, Анисий Рогин және Антон Недашковский секілді ардагерлер болып, депо жұмысшыларына Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер айтып берді.

Олардың бақытты балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келді. Жас деп ешкім қараған жоқ. Ел қатарлы иығына ауыр жүк артылып, майданға аттанады. Бірі қару көтеріп соғысқа аттанса, енді біреу­лері күрек-кетпен арқалап, тылға қара жұмысқа жегілді. Соғыс біткен соң да елдің әлеуетін көтеру жұмыстары осы тыл арда­гер­леріне жүктелді. Анна Диденко да сон­дай тыл ардагерлерінің бірі. Мамырдың 5-і күні тұп-тура 88 жасқа толған тыл ар­да­гері соғыс кезінде депода қара жұмыстар ат­қарып, «Ақмола локомотив депосында» ка­чегар болып қызмет атқарған. «Тағды­ры­мыз өте ауыр болды. Бірақ соған қара­мас­тан, тынбай еңбек еттік. Талмай еңбек арқылы ғана жеңіске жете алатынымызды жақсы түсіндік. Маған сол кезде өте құпия әрі ауыр тапсырмалар жүктелетін еді. Бір жо­лы іші-сырты түгел брезентпен құрсау­ланған жүк пойызын Орск қаласына дейін жет­кізу жұмысы жүктелді. Сол кезде НКВД-ның өкілдері бізден «пойызды тиісті жеріне ешқандай шығынсыз, уақтылы жеткізу» туралы жеке-жеке қолхат алды. Бір жолы, жүк пойызын жеткізу жүктелді. Онда өте маңызды жүк тиелгенін сездік. Өйткені оны жоғары шенді адамдар алып бара жатты. Онда балалар ойыншығы бол­ма­ғаны белгілі. Әрбір іс-әрекетімізді бақы­лап отырды», – деп еске алады Анна Ди­ден­ко.

Кездесу барысында депо директорының орынбасары Анатолий Пивень ардагерлерді мерекесімен құттықтап, оларға ұзақ өмір тіледі. Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Ло­ко­мотив» есебінде Ұлы отан соғысының 133 ардагері бар екен. Олардың барлығына да кәсіпорын есебінен материалдық көмек көрсетілген.




Көрілген: 3715    Пікірлер: 0

сенбі, 07.05.2011, 12:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30