Көзқарас

Тегіне оралған Сабыр

  • Тегіне оралған Сабыр

    Тегіне оралған Сабыр

Кеңес заманынан бері «өзіміздің Сабыр, ұлты өзбек» деп ұлықтап, ол туралы кино түсіріп, ерлігін дәріптеп келген өзағаң өткен жылы Совет Одағының Батыры, гене­рал Сабыр Рақымовтан бас тартты. Жай бас тар­тып қана қойған жоқ, Өз­бек­стандағы осы уа­қыт­қа дейін батырдың аты­мен аталып келген бар­лық нысандардың, елді мекендердің аттарын ал­мас­тырды. Ол аз болған­дай, елін сыртқы жаудан қорғаған батырға Ташкент қаласының қақ ортасында қойылған ескерткішті құлатты. «Өзіміздің ұлттық батыры­мыз» деп келген өзағаңның өзеуреп, Сабырға келгенде сабыры кетуіне не себеп болды екен? Бәлкім, ай­ды етекпен жауып болмай­тынын түсін­ген ала ша­пан­ды ағайын Сабыр Рақымов­ты өзбек ете ал­майтынын білген соң, ша­масы осындай қадамға барған-ау?!

Этникалық қазақ екенін біле тұра, қазаққа бергісі келмей, қайтсек те өзбек етеміз деген ала шапанды ағайын Сабыр Рақымовтың ұлтына тіс-тырнағымен жабысып келді. Әрбір қаладан, ауылдан көше аты берілді. Талай елді мекен, мектеп батыр есімімен аталды. Ескерткіштер тұрғызды. Алайда неге екенін қайдам, әйтеуір біз оны ұлықтауға, ала шапанды ағайыннан арашалап алуға аса талпына қоймадық. «Сабыр Рақымов – қазақ» дегеннен әріге аспадық. Батыр есімі кейбір қалаларда елеусіз көшені ғана еншіледі. Тек соңғы жылдары ғана туған ауылы Қазығұрт пен Шымкент қаласындағы Республикалық әскери мектеп-интернатқа (бұрынғы Суворов училищесі) Сабыр Рақымовтың аты берілген.

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Батыр бабаларымыздың ерлігін дәріптеу кейінгі ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуде маңызы зор. Ал қазақтың батыр ұлы Сабыр Рақымовтың ерлігі жайлы қазіргі жастар біле бермейді. Сондықтан «125 жылдық, 150 жылдық» деп күтіп отырмай, батыр бабамыздың 110 жылдық мерейтойын тойлап, ерлігін дәріптеу керек. Ол кісінің Отанын жаудан қорғаған кезде жүрегінің түбінде қазақ халқы бірінші орында тұрғанына ешкім де күмән келтірмес. Астана – бірлік пен ынтымақтастықтың символы, еліміздің бас қаласы. Сондықтан Сабыр Рақымовтың ескерткіші Астана қаласының төрінен орын алуы керек.

Сабыр Рақымовты әлемге өзбек етіп көрсетпек болған «әкәлар» батырдың жесірі Құралай Натуллаеваны (Сабырова) талай рет ебін тауып, Алматыдан Ташкентке көші­ріп әкеткен. Алайда текті атадан тараған, Әліби Жангелдиннің туған қызы, Құралай апа­мыз өмірінің соңғы демі таусылғанша асыл жары, халық батыры Сабыр ағаның қа­зақ екенін дәлелдеумен келді. Дәлелдеді де. Қазақ екенін мойындаған ала шапанды аға­йын, міне енді, қазақтың батыр ұлын қаза­­ғына қайтарды.



Өмірбаяндық дерек

Сабыр Рақымов 1902 жылы Оңтүстік Қа­­зақстан облысының Қазығұрт ауда­нын­да дүниеге келген. Кейіннен Ташкент қа­ласындағы балалар үйінде тәрбие ала­ды. Балалар үйінде тәрбиеленіп жүр­генде өзағаңдар «ұлты өзбек» деп жазып жі­береді (әртүрлі айла-тәсілмен талай қа­зақты өзбек етіп жаздырып жібер­ген).

1922 жылдан Қызыл армия сапында қызмет етіп, басмашылармен күресте көр­­сеткен ерліктері ескеріліп, Сабыр Ра­қымов Қызыл Жұлдыз орденімен мара­пат­талады. Ұлы Отан соғысы кезінде 1942 жылы дивизияны басқарып, 1943 жы­лы генерал-майор атанады. Әскери ше­б­ерлігі мен ерлігіне тәнті болған Ста­лин генерал Рақымовқа «Темір генерал» де­ген лақап ат берген. Сұрапыл соғыстың соң­ғы күндерінде, 1945 жылдың 26 нау­рыз күні Польша жерінде болған жойқын ұрыс­та «Темір генерал» ерлікпен қаза та­уып, денесі Ташкентке әкеліп жерле­не­ді.

Ұлы Отан соғысының батыры, Орта Азия­дан шыққан жалғыз генерал Сабыр Ра­қымовтың соғыс майданында көрсет­кен ерлігі ескерусіз болған жоқ. Ол Ле­нин, Қызыл Ту, ІІ дәрежелі Суворов, ІІ дә­реж­елі Кутузов, Қызыл Жұлдыз орден­де­рімен және көптеген медальдармен ма­рапатталған.

Қан майданда көрсеткен ерліктері үшін Кеңес Үкіметі генерал Сабыр Ра­қым­ов­ты 1967 жылы Совет Одағының Ба­тыры деген ең жоғары атаққа лайық деп табады.



Енді ешкіммен жаға жыртысып, ешкімге, ештеңені дәлелдеудің де керегі жоқ. «Өзағамызбен арадағы туыстыққа сызат түседі» деуге де себеп жоқ. Тек қазақы жайсаңдыққа салмай, даңқын дәріптеп, батыр ұлдың тиісті бағасын беретін сәт туып, орайы келіп-ақ тұр. Өйткені 2012 жылы Совет Одағының Батыры, даңқты генерал Сабыр Рақымовтың туғанына 110 жыл толады. Осы мерейлі датаны жоғары деңгейде атап өту үшін арнайы комиссия құрылып, дүбірлі шара өткізсек, батыр рухы алдында арымыз таза болар еді. Астана не Алматы қаласынан батырға арнап ескерткіш тұрғызсақ та артық болмас.




Көрілген: 3978    Пікірлер: 2

сенбі, 07.05.2011, 12:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30