Құбылыс

Ғарыш техникасы жұмысына магнитті дауылдан қауіп бар

  • Ғарыш техникасы жұмысына магнитті дауылдан қауіп бар

    Ғарыш техникасы жұмысына магнитті дауылдан қауіп бар

Алдағы күндері Жер бетінде қуатты магнитті дауылдардың әсері сезіледі. Ғаламшарымызға бір апта бұрын Күн бетінде түзілген алып белсенді ағын жетеді. Бұл туралы Росгидрометтің Қолданбалы геофизика институтының мамандары хабарлайды.

Ғылыми-зерттеу институтының сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда, белсенді ағын Күннің айналуымен бірге бір апта бойы Жердің геотиімді секторында болмақ. Осының салдарынан Күн жарқылдары, магнитті өріс­тердің ширығуы, протондар ағыны сияқты құбылыстар байқалады. Жерге зарядты бөл­шектер жетіп, электронды құрылғылардың, радиобайланыс және электр желілерінің жұ­мысына кедергі келтіруі мүмкін. Сезімтал адамдарда бас айналу мен әлсіздік білінеді. Мамандар бұл жолғы құбылыс кезінде рентген сәулелерінің көп бөлінуі және протон ағындарының күрт көбеюі мүмкін екендігінен қауіптеніп отыр. Мұндай жағдайда, ең алды­мен, ғарыш аппараттары электроникасына нұқсан келеді.




Көрілген: 3208    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2012, 11:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31