Алқа билер соты

Алқа билер соты

Жалпы «Алқабилер соты» қазақ қоғамы үшін жат емес. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, қазақ мемлекеті пайда болған, сонау ІV ғасырда «Билер соты» дамыған. Ұсақ-түйек дауларды ауыл ақсақалдары шешсе, үлкен даулы мәселені билер шешкен. Ол кездердегі халықтың билерге деген сенімі өте жоғары болды. Өйткені билерде бұра тарту деген болмаған. Атам қазақтың «Тура биде туған жоқ,...» деп айтуы соның айғағы болса керек.

 

Билер соты халыққа жақын және халық сенімінен шығып отырған. Сондықтан да билер шығарған үкімге ешкім талас тудырмады.  ХV –XVІІІ ғасырларда қазақ даласында мемлекеттік мәселелерді шешу үшін ханмен бірге билер және ауыл ақсақалдары қатысатын құрылтай шақырылып отырды. Өйткені ол кездегі билер мен ауыл ақсақалдары сот билігімен қоса әкімшілік биліктің міндеттерін қатар атқарды.

 

Бұл үрдіс қазақ даласы Ресей патшалығының қол астына өткенге дейін жалғасып келді. Билік тетігі орыс патшалығына ауған соң, қазақ даласында орыс судьяларының билігі күшейіп, билер сотын ығыстыра бастады.

 

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстандағы сот төрелігі судья мен екі халық заседателінің қатысуымен жүргізілді.

 

Ал Қазақстан егеменді ел атанғанннан кейін сот жүйесіне де өзгеріс енді.   1995 жылдан бастап сотта төрелік етуді тек кәсіби судьялар құзіретіне берілді.

 

Егемендік алған соң Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық елдер қатарына қосылу жолын таңдады. Сол үшін мемлекеттік басқарудың барлық тармағында реформа жүргізе отырып, өркениет көшіне ілесіп, əлемдік стандарттарға жету мақсаты алға қойылды. Бұл реформадан сот жүйесі де сырт қалған жоқ. Осылайша сот жүйесінде алқа билер соты пайда болды.

 

2006 жылдың қаңтарында қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилердiң қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін, алқабилердiң құқықтық мәртебесiн, тәуелсiздiгінің кепiлдiктерiн, олардың қызметiн қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайтын, Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» заңы қабылданды.

 

Аталмыш заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңынан, Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

 

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

Алқабилер туралы заң 2006 жылы қабылданғанмен алғаш рет алқабилердің қатысуымен сот отырысы 2007 жылы өтті.

 

Алқа билер сотын енгізудегі негізгі мақсат - сот жүйесінде демократиялық талаптарға жол ашу, сот отырысындағы ашықтыққа қол жеткізу.

 

Алқа билер тікелей сот актісін шығаруға қатыспайды, олар үкімді жазбайды жəне оған қолдарын қоймайды, бірақ айыпталушының кінəлі немесе кінəсіздігі туралы өз бастамаларымен кесім шығарады. Ал сот алқабилердің кесімі негізінде үкім шығарады

 

Алғашқы жылдары алқабилердің қатысуымен өткен сот отырыстарының саны саусақпен санарлық болғаны жасырын емес. Алайда араға уақыт сала алқабилер сотына жүгінушілер қатары күрт артты. Бұл аталмыш институттың қоғам үшін қажеттілігін, заман талабына сай туындағанын, яғни алқабилер соты туралы заңның дер кезінде, орынды қабылданғанын көрсетсе керек.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан судьяларының VII съезінде тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда түбегейлі жаңа өзгерістерге сай келетін заманауи сот жүйесі қалыптасқанына ерекше назар аударып, «сот жүйесін реформалаудың негізгі мақсаты – тәуелсіз және сатылмайтын сот билігін қалыптастыру. Бұл жерде судьялардың адалдығы мен біліктілігі, сот төрелігінің әділеттігі мен қолжетімділігі маңызды, – деп атап өтті.

 

Алқаби деген кім?

 

Алқабилер туралы заңда «алқаби - соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы» делінген.

 

Олар жергілікті атқарушы билік тарапынан таңдалып, іріктеп алынады. Сонан соң іріктеуден өткен азаматтар сот мүшелерінің тексеруінен өтеді.

Алқабилікке үміткер азамат бірқатар талаптарға сай болу керек. Ол азаматтардың жасы 25-ке толған, денсаулығынде еш кінәрат жоқ, ақыл-есі дұрыс, бұрын сотты болмаған болуы тиіс. Сондай-ақ бұрын құқық қорғау органдарында қызмет атқарғандар, адвокаттар, немесе қазіргі уақытта сол салаларда қызмет етіп жүргендер, әскери қызметкерлер алқабилер құрамына қабылданбайды.

 

Қылмыстық сот існе қатысатын алқабилер саны тақ болады. Алқабилер туралы заңға сәйкес Қазақстанда қалмыстық сот отырысына қатысатын алқабилер саны 9 болып бекітілген. Алқабилер санының тақ болуы дауыс санының тең болмауын қамтамасыз етеді. Сондықтан да алқаби мүшесі дауыс беру кезінде қалыс қалмауы шарт. Қалыс қалған жағдайда, қалыс қалушы алқаби мүшесінің дауысы сотталушының пайдасына беріледі.

 

Алқабилер соты - нағыз демократиялық, нағыз халықтық сот. Өйткені, сот төрелігіне халық өкілдері араласады. Олар адамгершілік, ар-ождан, өмірлік тәжірибеге сүйене отырып, қоғам мен қарапайым халыктың мүддесін қорғайды. Кейде тергеу барысында базбір куәгерлер ескерусіз қалып кетеді. Судья, сотта ондай куәгерлердің айтқанын ескермей, тергеу материалдарына сүйене отырып үкім шығаруы мүмкін. Тіпті бұра тарту жағдайы да көрініс табуы ықтимал. Мұндай жағдай тараптардың бірінің сот шешіміне наразы болып, апелляциялық сотқа шағымдануына әкеліп соқтырады. Бұл жағдайлар халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғалтады.

 

Ал алқабилер сотқа қатысушы тараптардың келтірген деректері мен дәйектерін, әрбір куәгерлердің айтқандарын ой сүзгісінен өткізіп, таразылап барып өз шешімін айтады.

 

Бүгінгі таңда демократиялық даму, сот билігі жүйесін нығайту мақсатында бұрынғы «дала соты» - билер сотының өнегесін жалғастыра отырып, еліміздің сот жүйесіне алқа билер институтын енгізу - заман талабына сай маңызды шешім болғанын көрсетіп келеді.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста