Бәсекелес орта – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіреді

Бәсекелес орта – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіреді

Ел заңдарын сапалы дайындау бағытындағы жан-жақты ізденіс оларды халықаралық талаптарға сәйкестендіруге барынша ықпал етеді. Соның ішінде әкімшілік әділет институтын жандандыру, жария-құқықтық дауларды тиімді шешу мақсатында әзірленіп, қолданысқа енген Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексін айрықша атауға болады. Құқықтық сауатты арттыру мақсатында жұртшылықты жаңа Кодекстің 8-тарауынан қысқаша хабардар етер болсақ, онда орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру нормалары айқындалған. Аталған органдар қызметін бәсекелес ортаға беру мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мен оңтайландыру мақсатын көздейді. Осы тұрғыдағы негізгі қағидаттар азаматтар мен бизнес-қоғамдастық, мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтап, олардың тең дәрежеде қорғалуын қамтамасыз етеді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары бәскелес ортаға осы Кодекске сай арнайы құрылған комиссияның шешімдерімен беріледі. Сонымен қатар, бәсекелес ортаға берудегі іріктеу өлшемшарттарында халықтың мүдделері мен қажеттіліктері ескеріледі және оларда тиімділік пен сапаны арттыру, нарықтың дайындығы немесе бәсекелес ортаның болуы, нарықты дамытудың әлеуетті мүмкіндігі қарастырылады. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары мемлекет мүддесіне залал келтіретін жағдайда оларды  бәсекелес ортаға беруге 47-баптың 8-бөлігімен тыйым салынған. Атап айтқанда, бұл қатарға конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, т.б. қорғау, сондай-ақ, сот және ұлттық, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар, қорғаныс, көші-қон, мемлекеттік статистика салаларындағы қызметтер кіреді.  

Пайдаланушылар мен бәсекелес ортаны ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының интернет-ресурстарында ұсынылған функциялардың тізбесі, қажетті мәліметтер орналастырылады. Бұған қоса осы тараудың  48, 49, 50, 51, 52-баптарымен орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын – аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс,  пайдаланушылар есебінен, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы бәсекелес ортаға беру нормалары нақтыланған.  Мониторинг осы Кодекстің 53-бабына сәйкес жүргізіледі. 54-бап талабына орай, мониторинг нәтижелері бойынша бәсекелес ортаға берілген функциялардың сапасыз жүзеге асырылғаны анықталса, орталық немесе жергілікті атқарушы органдар бес жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасын хабардар етуге міндетті. Хабарлама алған уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде бұл мәселені комиссияның қарауына шығарады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп, Конституция мен тиісті заңдарда және ҚР Президентінің актілерінде жүктелген міндеттерді орындайтыны 55-баппен айқындалған. Ал, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыретіне бәсекелес ортаға беру жөніндегі мемлекеттiк саясатты iске асыру,  Үкiметтi жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерiнен хабардар ету, ұсынылатын қызметтер құнын айқындау әдiстемелерді әзiрлеп, бекiту,  т.б. ел заңдарында көзделген өкілеттіктер кіреді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы орталық немесе жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылған функциялары бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің және олардың бірлестіктерінің ұсыныстарын жинауды, талдап, жариялауды жүзеге асырады. Сонымен бірге, палата өкілдері ұсыныстар енгізіп, бәсекелес ортаға берілген қызметтердің сапасыздығы туралы мәселелерді қарауға қатысады.

Енді 60-бапқа келсек, орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар бәсекелес ортаға берiлген функцияларды орындау мақсатында қажеттi ақпараттарды сұратуға,  ұсынылған функцияларға сай нарыққа баламалы талдау жүргізуге, бәсекелес ортаға беру мәселелерімен уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізуге, мониторинг нәтижелерiмен танысуға құқылы. Мониторинг нәтижелерімен келіспесе, оны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде келіспеу туралы жазбаша түсініктемелер немесе комиссияның қарауына жататын ескертулерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсына алады. Сонымен қатар, олар орталық немесе жергiлiктi атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берiлген қызметттерді сапалы орындауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті жағдай жасауға, пайдаланушыларға атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берiлген функцияларын жүзеге асыру тәртiбi туралы толық ақпарат беріп, олардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiруге бағытталған шараларды Қазақстан Республикасының заңдары аясында қабылдауға міндетті.

     Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі 61-бапта көрсетілген. Комиссия орталық және жергілікті атқарушы органдар функцияларын бәсекелес ортаға беру, сондай-ақ,  мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстары негізінде бәсекелес ортаға берілген функцияларды қайтару мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді. Комиссияның қызметі туралы ақпарат мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында әр жарты жылда бір рет орналастырылып, жаңартылады.

Әкімшілік әділет құқық институттарын тұрақты әрі теңгерімді дамытып, заң үстемдігін қамтамасыз етудің кепілі ғана емес, сонымен қатар,  мемлекеттік басқару рәсімдеріне жекелеген азаматтардың көптеп қатысуының да кепілі. Сондай-ақ, сот төрелігінің ашықтығы мен сапасына, жүйе жұмысына деген сенімнің жаңа деңгейіне жеткізеріне кәміл сенімдіміз.

 

Баян Жусупбекова,

Алматы қаласының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста