Құқықтық реформа

"БІТЕР ІСТІҢ БАСЫНДА ЖАҚСЫ ЖҮРЕР ҚАСЫНДА"

  • "БІТЕР ІСТІҢ БАСЫНДА ЖАҚСЫ ЖҮРЕР ҚАСЫНДА"

Елімізде Әкімшілік соттардың ашылуына орай, Алматы қаласындағы бірінші сатыдағы аудандық соттардың қарауында қалған қылмыстық және азаматтық істерді қарау бойынша әр сот судьялары бөлінді.


Мысалы, Әуезов аудандық сотында он судья болса, оның алтауы азаматтық, төртеуі қылмыстық істі қарауға бекітіліп, мен 2001 жылдан 2009 жылдың соңына дейін тек азаматтық істерді қарадым. Судья сөзіне жүгінсек: «Әуезов ауданының аумағы үлкен, азаматтық істердің саны көп болды. Қазіргідей төрелік, сотка бинеті секілді бағдарламалар жоқ. Судьялар іс қараудан бөлек, кезекшілікпен талапкерлермен кездесіп, олардың талап арыздарын қабылдап, сот кеңсесіне өткіздік. Судьялардың саны аздығын былай қойғанда, барының өзі толық құраммен жұмыс істемейтіні тағы белгілі, кезекпен еңбек демалысына шығатындар бар, бала күтіміне байланысты кеткен судьяның орны келгенінше бос тұратын, ол кезде доғарыстағы судьяны шақырту заңмен қарастырылмаған еді». Сот жүйесінің даму процесі тоқтамай өзгертіліп, 2010 жылдан бастап әр ауданда екіден сот ашылып, қылмыстық істерді Әуезов аудандық сотына, ал, азаматтық істерді қарау No2 соттың құзырына өтті. Ол кезде No2 сот басқа ғимаратта орналасқан еді. Алматы қаласының мамандандырылған аудан- аралық экономикалық соты, әкімшілік сот, кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын сот ең алғашқы жұмысын осы Әуезов аудандық со- тының ғимаратынан бастаған. Гүлзат Игенқызы жылы орнын суытқысы келмей, қылмыстық істерді қарайтын сотта қалды. Осылай 2010 жылдан бері ол тек қылмыстық істерді қарап келеді. Бұл салада да өзгерістер көп. Алғашында күзетпен ұстау түрін­ дегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаттарды қарау қылмыстық істер қарайтын соттың құзырына берілді. Гүлзат Игенқызы республика бойынша санкция беру өтінішхаттарын бірінші қараған судьялардың қатарында болды. Бұл тұрғыдағы тәжірибені де әріптестерімен бірге іздене жүріп, қалыптастыруға еңбек сіңіріп, тергеу судьясы ретінде сот саласына үлесін қосты. Бүгінде осы сала дамып, өз алдына тергеу соты құрылды. Гүлзат Шардарбекова 2017 жылдың басында доғдарысқа кетіп, 2018 жылдың күзінен осы Әуезов аудандық сотында сот төрелігін іске асыруға қайта тартылды. Бұл да бір айтулы жаңалық. «Бітер істің басында жақсы жүрер қасында» демекші, салада қандай да бір жаңа іс болса, соның бастауында жүрген судья, бейнетінің зейнетін көрер жасқа қалай жеткенін де байқамай қалғанын жасырмады. Сот саласындағы еңбегі елеусіз қалмай, мерейтойлық медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен, «Үш би» құрмет белгілерімен, бірнеше рет мақтау грамоталарымен мадақталған.



Алматы қаласы Әуезов аудандық соты
 




Көрілген: 708    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.08.2019, 13:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30