Елімізде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі жолға қойылып келеді

30 шілде 2021, 12:39

2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сәтті іске асырылуының дәлелі болды, өйткені осы Заңның қабылдануымен билік пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас арнасы кеңейе түсті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқық береді. Бұл құқықты пайдалану тек мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін.

Жаңа Заң айтарлықтай прогрессивті және либералды болып шықты, өйткені онда сарапшылар қауымдастығының пікірлері, яғни біздің халқымыздың пікірлері ескерілген. Заң жобасын талқылауға және әзірлеуге қалың жұртшылық белсенді қатысты, бірнеше қалада бірнеше қоғамдық тыңдаулар өтті. Сонымен қатар, жоба халықаралық ұйымдардың өкілдерімен де талқыланды.

Жария іс-шаралар туралы қазақстандық заңнама көрші мемлекеттермен салыстырғанда, ең «жұмсақ» болып шықты. Басты айырмашылығы – бұл бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру қағидалары мен өтініштерді беру мерзімдері. Осылайша, заң шығарушылыр митингтерді өткізу үшін рұқсат алу тәртібінен бас тартып, ескерту немесе хабарлау жүйесіне бет бұрды. Онымен қоса, енді хабарлама іс-шараға 5 жұмыс күні бұрын (ескі заңнама бойынша 10 күн) берілуі тиіс. Мәселен, Ресейде де хабарлама қағидасы қолданылады, алайда митинг өткізу үшін өтініш іс-шара өткізілетін күнге дейін 15 және 10 күннен кешіктірілмей берілуі керек. Ал Өзбекстанда жария іс-шаралар туралы заң жобасы енді ғана талқылануда, ол рұқсат алу қағидасын көздейді, ал өтініш беру мерзімі алғашқы кезде 30 күнді құраса, кейін 15 күнге дейін қысқартылған.

Екінші айқын айырмашылық бұл заңда жаңа қағиданың пайда болуы. Посткеңестік елдердің бірде-бірінің митингілер туралы заңнамысында Қазақстан Заңының 3-бабында бекітілген «Бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция» деген ұғым жоқ. Бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция – бұл 2007 жылы Еуропада қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының сарапашылар  кеңесі дайындаған алты қағидаттарының бірі болып табылады. Мазмұны бойынша бұл қағида «Заң тікелей тыйым салмайтын барлығы рұқсат етілген деп есептелуі керек және жиналысқа қатысуға ниет білдірушілерден оны өткізуге рұқсат алуды талап етпеуі керек. Заңнамада жиналыстар бостандығы пайдасына презумпцияны нақты және біржақты белгілеу керек» дегенді білдіреді.

Одан басқа, нормативтік-құқықтық құжатта бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік органдардың құзыреті, бейбіт жиналыстарды өткізу орны мен уақыты нақты белгіленген.

Сондай-ақ бейбіт жиналысты ұйымдастырудан және өткізуден бас тартылуы мүмкін мән-жайлардың толық тізбесі, және оларды өткізу үшін арнайы орындар анықталды. Бұл орындарды заңға сәйкес жергілікті өкілді органдар айқындайды.

Жалпы жаңа заң прогрессивтік сипатқа ие және екінші жағынан, ол табысты әлемдік кейстерді сындарлы-сыни талдау тұрғысынан пысықталған, олардың репрезентативтілігі мен сапалы іріктелуі кәсіби құрметке лайық. Мұнда біз АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Франция, Жапония, Сингапур, Швеция және Ресейдің заңнамалық тәжірибесіне салыстырмалы шолу жасалғанын көре аламыз.

Дегенмен, әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, ұлттық заңнамаға имплементациялауға болатын ережелер әлі де бар. Мысалы, соңғы кезде кеңінен таралып кеткен «флешмоб», «шұғыл» (стихиялық, жедел, кейінге қалдыруға болмайтын) бейбіт іс-шаралар ұғымдарын заңнамалық түрде бекіту мүмкіндігін қарастыру Қазақстандық заңнаманы заманауи жаққа тартатын бірден бір өзгеріс. Одан басқа, заңда тек ұйымдастырушылардың емес, сонымен қатар қатысушылардың да жас талаптарына шектеулер белгілеу, іс-шараны өткізу туралы хабарламаны берместен бұрын оны полиция және өрт сөндірушілер органдарымен өздігінен келістіру тәрізді енгізулер бейбіт жиналыстарды өткізу туралы заңның мазмұнын одан да  жақсартушы еді.

Бұл және басқа да мемлекет пен қоғамның құқықтарын іске асыруға және еркін білдіруге бағытталған жаңалықтар көп ұзамай нормативтік актіде орын алатынына үміттенеміз.

 Ж. Кумарбеккызы