Құқықтық реформа

Халықтың сотқа сенімі артып келеді

  • Халықтың сотқа сенімі артып келеді

    Халықтың сотқа сенімі артып келеді

Сот билігі – мемлекеттік саяси жүйенің ажырамас бөлігі. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдардан бастап сот жүйесі де қалыптасып, даму жолдарынан өтті. Яғни еліміздің сот жүйесіне де түрлі реформалар жасалып, жетілу үстінде. Осы орайда Елбасымыз  халықтың сотқа деген сенімін арттыруға қатысты бірнеше рет тапсырма берген болатын. Нәтижесінде сот саласына ашықтық, жариялылық ұғымдары етене еніп, халықтың сенімі артатындай өзгерістер де жасалды.


Қазіргі кезде сот жүйесінде ашықтық принциптеріне үлкен көңіл бөлініп, үлкен қадамдар жасалуда. Бүгінгі күні сот жүйесінде құқықтың үстемдігі жағынан үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Электронды сот өндірісін іске қосудың негізгі мақсаты – тұрғындардың сотпен бай­ланысын жеңілдету, олардың өздеріне қолайлы кез- келген уақытта сот төрелігіне жүгінуіне жағдай туғызу, сот үрдісінің ашық, айқын жүзеге асып, заң үстемдігін орнату екені белгілі. Сот жүйесінің ашықтығы - азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын бүгінгі күннің талабы.Қазіргі таңда сот жүйесін жаңғырту үшін электрондық технологиялардың көмегі қолданылып жатыр. Нәтижесінде, қағазбастылықтан арылып, қылмыс және заң бұзушылықтардың анықталу деңгейі жоғарылады. Ең бастысы – қағазбастылықтың жойылуы өз кезегінде саланы ашықтыққа, жариялылыққа жетелеуде. Қазақстандағы сот жүйесін цифрландыру процесіне келер болсақ, соңғы жылдары сот реформаларының нәтижесінде бұл салаға ақпараттық технологиялар енгізіле бастады. Яғни, сот залдары қазіргі заманға сай сапалы аудио-бейнежазба жүргізуге арналған техникалармен жабдықталып, барлық іс-қағаздар мен құжат айналымдары электрондық форматқа ауысты. Сыбайлас жемқорлық фактілері азайып, сот қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы жақсаруда. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың көмегімен сот отырыстарында заң бұзушылық деңгейі төмендеп, халықтың соттың әділ шешім шығаруына сенімі артуда.

Сондай-ақ айта кететін жағдай, елімізде жүргізіліп жатқан сот-құқықтық реформалардың жемісті нәтижелері бізді жаңа белестерге бастайды. Мемлекетті басқарудың саяси құралдарының қатарында биліктің дербес саласы – сот билігінің орны мен мәртебесі айрықша екенін Елбасы үнемі атап көрсетуде. Президенттің: «Қазіргі уақытта соттар басты құқық қорғаушы институт бола бастады», деген сөзі сот жүйесінің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ішіндегі мәртебесі мен орнын даусыз айқындап бергенінің дәлелі. Демек саладағы өзгерістер өзінің оң нәтижесін беруде. 


  Абраев Марат Советович, Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы




Көрілген: 1150    Пікірлер: 0

жұма, 18.01.2019, 17:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30