Құқықтық реформа

Жаңа технология – қолжетімділік кепілі

  • Жаңа технология – қолжетімділік кепілі

    Жаңа технология – қолжетімділік кепілі

Соңғы жылдары құқық қорғау саласында электронды сот ісін жүргізуді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Оның мәні тұрғындардың сот төрелігіне қолжетімділігін барынша жеңілдету, саланың ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Соның нәтижесінде бүгінде азаматтық істер бойынша талап арыздардың 92 пайызы «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсуде. Сот процесіне қатысушыларға хабарлама SMS және электроннды пошта арқылы жіберілуде.

Сот актілерінің банкінде 6,5 млн сот актісі орналастырылған. Базадан адамның аты-жөні, заңның баптары және басқа да көрсеткіштер бойынша сот актілерін оңай табуға болады. Яғни оның бәрі тұрғындар үшін ашық әрі қолжетімді. Қазіргі таңда дыбыс-бейне тіркеу жүйесін қолданып, қағаз айналымын барынша азайту мақсат етіліп отыр. Қылмыстық іс бойынша да электронды сот ісін жүргізу кеңінен қолданылуда. Тараптардың сотқа келмей-ақ процеске қатысу мүмкіндігі артуда. Адамдар үйінде, жұмысында немесе шетелде жүріп-ақ сот процесіне гаджет арқылы қатысуы үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ қазіргі таңда Қазақстандағы барлық соттар 100 пайыз деңгейде ғаламторға қосылған. Судьялар электронды үлгіде қылмыстық сот төрелігі бойынша да жұмыс істеуге дайын. Осы орайда Елбасымыз «Сот жұмысының заманауи форматтарын және озық электронды сервистер енгізуді жалғастырған жөн» -деп сот жүйесін элоктронды қызмет көрсетуге көшірудің маңыздылығын атап өткен болатын. Жұмысты оңтайландырып, жеделдігін арттыратын және адам факторын азайтып, жемқорлық сияқты келеңсіздікке жол бермейтін электронды қызметке көшу мәселесін қоғамымыз толықтай қолдап отыр.

«Е-СОТ» жобасының негізінде сот саласында дыбыс-бейнетіркеу жүйесін қолданып, жеке және заңды тұлғалардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге, қағаз айналымын барынша азайту мақсат етіліп отыр. Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық соттар 100 пайыз деңгейде ғаламторға қосылған. Судьялар электронды үлгіде қылмыстық, азаматтық сот төрелігі бойынша жұмыс істеуде. Бейнебайланыс Жоғарғы соттың жалпы отырысын, республикалық жиналыстар мен мәслихаттар өткізу барысында кеңінен қолданылып, бұл шараларға барша судьялар мен сот қызметкерлерінің бір уақытта қатысуын қамтамасыз етеді. Жоғарғы сот осы бейнеконференц­байланыс арқылы жергілікті соттардың судьялары мен сот қызметкерлерін қашықтықтан оқыту және Жоғарғы сот төрағасының азаматтарды қабылдауын жүзеге асыруда. Бұл апелляциялық және кассациялық сот сатылары кейбір аудандардан жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан Қазақстан соттары үшін өте маңызды.

Кәкен Дидар, Алматы қаласы Бостандық ауданы №2 сотының жетекші маманы

 




Көрілген: 740    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.02.2019, 20:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30