Құқықтық реформа

Жаңғыру мен жаңашылдық уақыт талабы

  • Жаңғыру мен жаңашылдық уақыт талабы

    Жаңғыру мен жаңашылдық уақыт талабы

Елдің әрбір азаматының қауіпсіздігі, ең алдымен, құқықтық тәр­тіпті қамтамасыз етуден көрініс табатыны белгілі. Елбасы Жарлығына сәйкес кезектен тыс аттес­таттау құқық қорғау саласындағы реформаларды одан әрі тереңдетуге ықпал жасайтыны кәміл. Әрине, бұл үшін тиімді кадр саясатын жүргізудің орны ерекше. Сонымен бірге, құқық органдары қызметкерлерінің кәсібилігін көтеру ісі де кезек күттірмейді. Бұған қоғамдық институттардың тартылуы аттестаттаудың сапалық деңгейін көтереді деп ойлаймыз.


Негізгі мақсат – құқық қорғау жүйесі қызмет­керлерінің кәсіби дайындық деңгейін және олар­дың қазіргі заманғы талаптарға сәйкестігін анық­тау, органдарды моральдық-адамгершілік қасиет­те­рі төмен және жемқорлық әрекеті арқылы жалпы мемлекеттің беделін түсіретін біліксіз қызмет­кер­лерден тазарту болып отыр. Мемлекет мүддесін, қоғам қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз етуде асқан ерлік көрсетіп, ұрпаққа үлгі болған абзал азаматтарымыз құқық қорғау саласында же­терлік. Өз ісінің шынайы мамандары қандай жағ­дайда да жұмысын көрсете біледі, сынақтан шың­далып басқаларға үлгі болатынына сенімім мол. Құқық қорғау саласының қызметкері Отанын шексіз сүйетін, мемлекетшіл, әділдікті өзіне ұран еткен, тура жолдан таймайтын азамат болуы керек. Әрбір құқық қорғау саласының қызметкері өздерін мемлекеттік саясатты жүзеге асырушылар екен­ді­гін, халықтың олардың жұмысына баға беруі арқы­лы жалпы мемлекеттік саясатқа баға берілетін­дігін яғни, бүгінгі әділ шешім халықтың ертеңгі өмірге сенімі екенін түсінуі керек. Әрбір салаға уақыт өткен сайын жаңашылдық керек, ол заман талабы, сол үшін де құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттес­таттаудан өткізу тәртіпті оңтайландыру бағы­тын­да дер кезінде қолға алынған реформа.


 Сот жүйесіндегі жаңашылдық пен үздік халықаралық стандарттардың енгізілуі қазақстандықтармен қатар инвесторлар үшін де тиімді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау барысындағы оңтайлы шешімдер соның айғағы. Бұл ретте Жоғарғы Сот жанынан арнайы құрылған Халықаралық кеңес тиімділігін көрсетті. Сот саласының мамандары санаулы уақыттың ішінде жаңашылдықтың жағымды тұстарына куә болғанын айтады. Инвесторлар ел игілігі үшін, жаһандану заманында жан-жақты даму үшін қажет екендігі бүгінде баршаға белгілі. Оны дамудың даңғыл жолына түскен мемлекеттердің тәжірибесінен жиі байқаймыз. Сол себепті де Елбасы ел экономикасын көтеру жолында инвесторларға барынша жағдай жасау қажеттігін жіті тапсырған болатын. Қомақты қаржы құюға ниеттілер еш нәрсеге алаңдамай, ертеңгі күніне сенімді болуы тиіс. Бұл мәселе Ұлт жоспарының 23-қадамында жан-жақты айтылып, бүгінде жүйелі жүзеге асып отыр. Сәйкесінше Жоғары Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқа құрылған. Демек, мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасындағы түйіткілдердің түйінін тарқату үшін барлық жағдай жасалды десек артық емес.


Айгүл Қыдырбаева, ҚР Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрайымы:


– Сот саласында жүргізілген тыңғылықты жұмыстардың нәтижесінде биыл инвесторлар тарапынан Жоғарғы Сотқа арызданғандар болған жоқ. Ол дегеніміз құқықтық даулардың бір ізге түскендігін айғақтайды. Біз инвесторлармен жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Жаңашылдық шетелдіктердің сенімін арттырып қана қоймай, оларға алаңсыз жұмыс істеуге жағдай жасады. Негізінен инвесторлар энергетика, экологияға қатысты мәселелермен жүгінеді.


Мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қуанышбайқызының сөзін құқық саласының мамандары да құптап отыр. Инвесторларды мүлік салығы сынды жеңілдіктермен қатар заңнамалық тұрғыдағы кепілдіктер де қызықтырады. Ал мұның барлығы жаһандық және ішкі сын қатерлерге жауап ретінде бекітілген құжатта анық айқындалған.


Бахтияр Бөлеулиев, заң ғылымдарының докторы, профессор:


– Бұл қадамдардың бір мақсаты – инвесторлардың Қазақстанға деген сенімділігін арттыру. Егер де инвестициялық сенім артатын болса, елімізге қаражат келеді, жұмыс орындары пайда болады, бюджетімізге салық түседі, салық түскеннен кейін қарапайым адамның өмірі жақсарады. Бұл өте пайдалы, бұл өте тиімді. Ұлт жоспарының 25-ші қадамы аясында


Жоғарғы Сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын Халықаралық кеңес те құрылған. Бастаманың басты міндеті – еліміздің сот саласына өркениеті өрге озған елдердің теңдесіз тәжірибесін енгізу еді. Кеңестің құрамы 15 сарапшыдан құралған. Оның 7-уі халықаралық және 8-і ұлттық. Олар Қазақстандағы соттардың әр ісі сапалы әрі нәтижелі болуына көмектеседі. Заң саласындағы реформа сот істеріндегі ахуалдың жақсаруына сөзсіз өз үлесін қосқан. Айгүл Қыдырбаева, ҚР Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрайымы: – Халықаралық кеңес мүшелерінің мол тәжірибесі біздің механизімді жаңа белеске көтерді. Себебі олардың сот саласындағы тәжірибесі мол. Халықаралық кеңес қазақстандық судьялардың тәуелсіздік кепілін нығайтуға ниетті. Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру арқылы еліміздің беделі артып, халқымыз жарқын болашаққа жол бастады. Ендігі меже алға қойылған міндетті мінсіз атқарып бәсекеге қабілетті 30 елдің қатыран табылу.


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 3621    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 00:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31