Жедел алдын-алу іс шараларын өткізудің маңызы зор!

28 желтоқсан 2021, 16:35

01.09.2021 жыл-01.12.2021 жыл аралығында өткен «Участок» жедел алдын-алу іс шараларын өткізу аясында Солжағалау аудандық ПҚБ есебінде тұрған «С» атты азаматты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасы ауыстыру туралы іс-құжат Өскемен қаласы №2 сотымен қарастырылды.

Аталған азамат Солжағалау аудандық ПҚБ есебінде 2021 жылдың мамыр айынан бері тұрған. Есепке тұрған күні сотталған «С» есімді азамат ҚР ҚАК 63,69, ҚР ҚК 44 баптарымен және де алғашқы әңгімелесу шаралары жүргізіліп, барлық баптармен таныстырылып жазасын өткеру кезінде ешқандай әкімшілік құқық бұзушылық немесе құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы қол қойған. Алайда жүргізілген іс-шараларға қарамастан сотталған азамат өзіне заңмен тағайындалған міндеттерін орындамай, атап айтқанда Солжағалау аудандық ПҚБ тыркелуге 4 рет келмеген. Сонымен қатар тұрғылықты мекен-жайы бойынша 5 рет тексерген уақытта үйінде болмай шақыртылған уақытта пробация бөліміне келмей пробациялық бақылаудан жалтарған, ол себепті 2021 жылдың тамыз айында сотталған азаматты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс Өскемен қаласы №2 сотына жолданып сот тамыз айының 17 жұлдызы күні сотталғанды өтелмеген мерзіміне қайта ауыстыру туралы іс-құжат Өскемен қаласы №2 сотымен қаралып, сотталған «С» есімді азаматтың жазасының қалған бөлігі 9 ай 7 күнге бас босатндығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын ҚАЖ қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеуге қаулы шықты.

Сонымен қатар 01.09.2021 жыл – 01.12.2021 жыл аралығында өткен республикалық тексеру іс-шарасы аясында Солжағалау аудандық ПҚБ есебінде тұрған 170 сотталған тұлғалар толығымен тұрғылықты мекен-жайы бойынша және де жұмыс орны бойынша тексерілді, сонын ішінде белгіленген уақытта тұрғылықты мекен-жайында болмай құқық бұзушылыққа жол берген 10 сотталған тыркелді. Бул сотталғандармен алдағы уақытта қайта қосымша түсіндерме жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл сан өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға азайып отыр.

Осы өткізіліп жатқан іс-шараның мақсатыда, сотталған тұлғаларға қайталап қылмыс жасудың алдын алу немесе құқық бұзушылық пен қайталап қылмыс жасаудың соңы жаза екендігін ескерту болып табылады.

Малгаждаров Е.Е., Солжағалау аудандық

ПҚБ инспекторы

әділет лейтенанты