Құқықтық реформа

Жемқорлықпен күрес – басты міндет!

  • Жемқорлықпен күрес – басты міндет!

    Жемқорлықпен күрес – басты міндет!

Жемқорлық мәселесі елімізде ұзақ жылдардан бері өзекті мәселе ретінде танылып, кеселге қарсы үздіксіз күрес жүргізіліп келеді. Елбасының Үндеулері мен Жолдауларында да жемқорлықпен күрес арнайы аталады, жемқорлықпен күрес тәсілдеріне де бағыт бағдар беріліп, кешенді түрде жемқорлықпен күрестің жалғаса беретіні ұдайы айтылып отырады. Яғни жемқорлықпен күрес елімізде бір сәт те тоқталған емес.

Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бір тәсілі, жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретін кесел. Сондықтан еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі жемқорлықпен күресу болып табылады. Осы орайда атап өтерлік жайт – жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді. Сондықтан жемқорлықты жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейте түсуіміз керек. Бұл ретте Елбасы өз Жолдауында бұл саладағы реформалардың өз жалғасын табатындығын айта келіп, осыған дейін, яғни соңғы үш жыл ішінде атқарылған ауқымды іс-шаралардың арқасында олардың құқықтық базасының жақсарғандығын, нақты функцияларының айқындалғандығын атап өткен. Демек жемқорлыққа қарсы заңнамалар уақыт сұранысына қарай жетілдіру үстінде.

Жалпы кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып саналады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу ретінде жылдар бойы күн тәртібінен түспей келеді. Жалпы қоғамымыздың жемқорлыққа қатысты қарсылығын тудыру мақсатында да кеселмен күрес жалғаса бермек. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Демек жемқорлықпен күресте тұтас қоғамның қарсылығы маңызды.

Өте өкінішті жайт қоғамымызда мемлекеттік қызметшілерге қатысты жемқорлық та аз айтылмайды. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, ұжыммен жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Сондықтан жемқорлықпен күресті алдымен мемлекеттік қызметшілерден бастауымыз керек. Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

Жоламанова Мәдина, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының бас маманы

 




Көрілген: 1929    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.11.2018, 22:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30