Жемқорлықтың жою басты мақсат

27 сәуір 2022, 14:48

Еліміз сыбайлас жемқорлықпен Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап аяусыз күрес жүргізіп келеді. Қоғамда жемқорлыққа қарсы сана қалыптастырып, жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүргізу, заңнамалар қабылдау секілді кешенді шаралар жүзеге асуда. Үнемі уақыт ағымына қарай жетілдіріліп отырған жемқорлықпен күрес шаралары нәтижесіз де емес. Дегенмен жемқорлықты түбірімен жою мемлекеттің алдына қойған басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Өйткені сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикалық құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Сондықтан мемлекеттің дамуын тежейтін жемқорлық деректерін жою үшін заңнамалар қатаңдатылып, жазалар да күшейтілуде. Алдағы уақытта да еліміздің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы  кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасы таба беретіні анық.

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін түрлі шаралар қабылдануда. Мәселен қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынып, жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігі қолданылмай жатыр. Және заңсыз сыйақы алушыларға ғана емес, пара берушілер мен парақорлықтағы делдалдарға да қатысты жауапкершілік қатаңдатылып, мемлекеттік қызметшілерге шетелдік банктерден шоттар ашуға және иеленуге тыйым салынуда.

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп–қатерлерінің бірі болып саналғандықтан, оның алдын алу және болдырмау үшін құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды. Осы орайда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл стратегиясы» 2014 жылы 26 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы Президентінің №986 Жарлығымен бекітілген болатын. Аталған заңның мүлтіксіз орындалуы  әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыс атқарып отырған адамдарға зор жауапкершілік артатыны баршамызға белгілі. Сондықтан осы заңда көрсетілген тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге барғызбау барлығымыздың міндетіміз болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі қалыптасып, қоғам мен мемлекет арасында тығыз байланыс орнаған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болады. Осы орайда қазіргі таңда осы бағыттағы жұмыстарға аса мән берілуде. Қоғамның әрбір мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын өзінен бастаса жемқорлықты тезірек ауыздықтарымыз анық!

Айгүл Қарыбаева, ІІМ қарасты Қылмыстық атқару жүйесі комитеті «ов-156/22 республикалық мемлекеттік мекемесі жедел бөлімшесінің жедел уәкілі, әділет майоры.