Құқықтық реформа

Қарызды қайтартудың барлық амалы жасалуда

  • Қарызды қайтартудың барлық амалы жасалуда

    Қарызды қайтартудың барлық амалы жасалуда

Берешегі барлардың жауапсыздығы туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Ал, сот шешімдерінің орындалмай жатуына азаматтардың салғырттығы, немкеттілігі көп әсерін тигізетіні шүбәсіз шындық.


Берешекті қайтарту мақсатында сот орындаушылар тарпынан қаншама іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Құқықтық түсіндіру шаралары тұрақты қолға алынып, қарызы бар азаматтардың санасына қозғау салуға әрекет жасалуда. Құзырлы орындармен бірлесіп жиындар өткізіп, көпшіліктің қоғам, азаматтар алдындағы жауаптылығын арттырудың амалдары қарастырылып келеді. Көпшілік көп жиналатын орындарға, көше бойларына арнайы билбордтар қойып, борышы барларды оятуға тырысып жатырмыз. Алайда, осындай пәрменді қадамдарға қарамастан, әлі күнге дейін орындалмай орта жолда қалып жатқан сот шешімдер жеткілікті. Төленбеген алименттер саны ешқашан кеміген емес. Алимент төлеуден жалтарған әкелерге, айыппұлын төлемей, қарызға белшесінен батып жүрген борышкерлерге қатысты жыл сайын жүздеген іс қаралады. Міне осындай кері көрсеткіштерден кейін еліміздегі атқарушылық саланың жұмысына серпін беретін жаңа заң қабылданып, сот орындаушылардың құзыреті кеңейіп, берешегі барларға қолданылатын жазалар реті қатайған болатын.

Қазіргі таңда қала көлемінде қарызы көп борышкерге іздеу жарияланды. Мұнымен сот орындаушыларымен қоса Көші қон полициясы да айналысып жатыр. Өткен жылы қоғамдық көліктерде  Борышкерлермен күрес масқатында алимент төлеуден жалтарып жүргендер  жайлы бейнероликтер дайындалып, көрсетілді.  Сондай-ақ,  құқықтық статистика сайтында ресми түрде іздеуде жүрген борышкерлер суреттері  жарияланды. Олардың арасында балалары алдындағы  қарызы бойынша іздеуде жүргенін біліп,  заңға құлақ аспайтындары да бар. Қанша жалтарса да мұндайлар еселенген қарызымен түбі жауапқа тартылмай қоймайды.

Шыңғыс Закешов,

Алматы қаласы Әділет департаменті «Мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімінің» сот орындаушысы


 




Көрілген: 863    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.01.2019, 15:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31