Құқықтық реформа

Көрсеткіш көңілден шықты

  • Көрсеткіш көңілден шықты

    Көрсеткіш көңілден шықты

Doing Business бойынша өзінің бизнес жүргізуге қабілетті екенін дәлелдеуге тырысып жүрген елдің саны 190. Олар мұндай қадамға өз елін әлемге таныту үшін, мемлекетке шетелдік инвесторларды көптеп тарту үшін барады. Сонымен бірге, жаһандық банктің сараптамасына қатысу бизнес жүргізудегі тәжірибені шыңдауға, өзге елдермен экономикалық байланыс орнатуға, әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді.

Жаһандық банк сарапшылары жыл сайын жасайтын бұл есепте әрбір мемлекеттің кәсіпкерлерге қаншалықты қолдау көрсетіп, кәсіптің өркендеуіне нендей қамқорлық танытып отырғаны жан-жақты таразыланады. Сараптама жалпы 1 жылғы көрсеткіштің қорытындысын есепке ала отырып жасалады. 2018 жылғы көрсеткіштерді сараптаған жаһандық банк білгірлері Қазақстанның 28-орынға табан тірегенін мәлімдеді. Бұл бірнеше жылдан бері қол жетпей жүрген меже. Біз мұндай көрсеткішке экономикадағы мықты реформалардың, кәсіпкерлерге жасалған жағымды жеңілдіктердің арқасында қол жеткіздік. Айталық былтырғы жылы елдің көрсеткіші 8 сатыға төмен еді. Биылғы жылы Испания, Франция, Польша, Португалия, Швейцария, Түркия елдерінен озық тұрғанымыз елдегі берекелі бірліктің, жаңа бастамаларға көп болып қолдау білдіруіміздің арқасы деп бағалаған жөн.

А.Мусаханова,

Алматы қаласы Әділет департаменті Түрксіб ауданының аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің басшысы


 




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.01.2019, 11:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30