Құқық қорғау саласындағы өзгерістердің маңызы зор!

Құқық қорғау саласындағы өзгерістердің маңызы зор!

Еліміздің құқық қорғау саласында соңғы жылдары түрлі реформалар жасалуда. Негізі осынау реформалардың бастауы осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған, 2010­2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында жатқаны ақиқат. Мемлекеттің тарихи ұзақ мерзімге арналған стратегиялық даму жоспары жасақталып, алуан саланы қамтыған салиқалы саясаты айқындалған тұжырымдама негізінде бүгінде еліміздің құқық қорғау саласы оң бағытта дамуда.
Атап айта кетер болсақ, тұжырымдаманың «Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту» атты бөлігінде Мемлекет басшысы, мемлекетіміз тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс екендігін ескерте келіп, азаматтарды құқық бұзушылық, бұзақылық секілді қоғамға жат әрекеттермен бірлесіп күресуге шақырған. Бұл – болашақта қоғамдық тәртіпті нығайтуға себеп болып, қылмысты құрықтау бағытында жаңа жүйелердің қабылдануына жол ашқандығы анық.
Еліміздің құқық саласындағы елеулі өзгерістерге келсек, қылмысқа қарсы саясаттың дүниежүзілік деңгейге сәйкес ізгілендірілгендігін атап өтуге болады. Жарқын болашақта бұл жұмыстарды жалғастыра түсу мақсатында Президентіміз Н.Назарбаев тиісті тапсырмалар беріп, нақты міндеттемелер жүктеп отыр. Жалпы Елбасының халыққа арналған Жолдаулары мен Үндеулерінде құқық қорғау саласы ұмыт қалған емес.
Атап айтқанда, құқық қорғау органдарының Кадр саясатының тұжырымдамасын әзірлеу, бұл жүйені одан әрмен қарай жетілдіру бағдарламасын дайындау, азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығын жеткілікті қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттер жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен қатар Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңнамалары да реформаланып, соның ішінде экономикалық құқық бұзушылықтарды ізгілендіруге маңыз берілген. Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформа жалпыұлттық деңгейде қолдау тауып, халықтық реформа деген лайықты атқа ие болды. Бұл жаңа Ұлттық жоспардың көкжиегі кең, маңызы мен нәтижесі орасан зор екенін айғақтайды. Осы екінші реформаның мазмұнына сай сот жүйесін жетілдіру, елдің әділ заңға деген сенімін арттыруға аса басымдық берілгендігі белгілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасының 19 қадамы мемлекетіміздің сот-құқықтық жүйесін дамытуға арналған. Бүгінде сот ісін жүргізуді жеңілдету, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту және кәсіпкерлікті қолдау үшін барынша тиімді жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілу үстінде. Ең негізгі жаңашылдықтың бірі – инвестициялық даулар бойынша дербес сот алқасының құрылғаны. Сот сатыларын қысқартып, апелляциялық және кассациялық сатыдағы судьялардың жауапкершілігін арттыру арқылы инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін сапалы құқықтық түрде қорғауды басты назарға алу мәселесі де күн тәртібінде болуда.
Ұлт жоспарының қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған бөлігінде мемлекетіміздің сот жүйесін реформалауға қатысты өзекті мәселелер қамтылған. Оны жүзеге асырудың бірден-бір айғағы – сот жүйесінің халыққа қолжетімді болуы, қоғамның сот қызметіне деген сенімін арттыру. Бұл мәселеге Елбасының да ұдайы көңіл бөліп отыруы судьяларға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Мақпал Абдрешева, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының бас маманы


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста