Құқықтық реформа

Құқықтық жүйе жетілуде

  • Құқықтық жүйе жетілуде

    Құқықтық жүйе жетілуде

2008 жылы Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстанның құқық қорғау жүйесіне күрделі реформа жүргізу қажет деген болатын. Осының негізінде Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданды. Құжат еліміздің құқықтық даму саясаты саласында, оның ішінде ұлттық заңнаманы жетілдіру бағытында жаңа мақсат-міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.


Оның ішінде құқық қорғау мен сот жүйесін дамыту, сондай-ақ бүгінгі әлемдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстанның құқықтық-демократиялық қоғамын құру тұжырымдамасының басты мақсаты ретінде қарастырылуда. Жаңа тұжырымдамада көрсетілгендей, бүгінде еліміздің жалпы стратегиялық дамуы аясында отандық заңнаманы сақтау мен құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында нақты іс-шараларды қолға алу қажет. Осы орайда Қазақстанның жаңа құқықтық жүйесі мемлекет пен қоғамның барлық құқықтарын қамтамасыз етіп, ашықтық пен нәтижелілікке бағытталған мемлекеттік басқару моделіне негіз болмақ. Заңгер ғалымдардың айтуынша, бүгінде Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асырудың тетіктерін әзірлеу аса қажет. Себебі аталған құжат ұлттық заңнаманы жан-жақты жетілдіруге мүмкіндік беріп қана қоймай, осы салада жаңа ғылыми-зерттеу жобаларын қолға алуға жол ашып отыр.

Жаңа тұжырымдаманың арқасында біз Ата заңымыз - Конституцияда көрсетілген барлық демократиялық нормаларды нақты заңнама аясында дамытып қана қоймай, іс жүзінде қолданысқа енгізе аламыз. Осы орайда біз бірлесіп жұмыс істеп, еліміздің басты мақсаты -Қазақстанның толыққанды құқықтық мемлекет ретінде құрылуына дейін жетуге тиіспіз. Ол үшін біз егемен еліміздің негізгі саяси-құқықтық құжаты Құқықтық саясат тұжырымдамасының негізгі идеяларын жан-жақты насихаттауға тиіспіз. Қазақстан реформаларының ішінде ең күрделісі – құқықтық реформа. Бұл реформаларды жалғастырмасақ, Қазақстан-2050 стратегиясында қарастырылған мақсат­қа жету мүмкін емес. Ел Үкіметі мен құқық қорғау орган­дары құқықтық реформа тұжырымдамасын бекер қабылдаған жоқ. Еліміз осы бағыттағы жұмысын одан әрмен жалғастырып, республиканың құқықтық жүйесін жетілдіру бойынша тиісті шаралар қабылдайтын болады дейді мамандар. Елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін заңнамаларды жетілдіру ойда­ғыдай жүргізіліп, соған сәйкес сот-құқықтық реформалар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Жаңа Қыл­мыс­тық және Қылмыстық-процестік кодекстері қабылдануымен ұлттық құқық жүйесі халықаралық стан­дарт­тарға ұштастырылып, қылмыстық құқық саласының дамуына үлкен қадам жасалды. Тергеу судьясы, процестік келісім, айғақтарды сақтау, қылмыстық теріс қылық, т.б. заманауи жаңа институттар мен новеллалар күнделікті ұғымдарға айналды. Сот төрелігін атқару үш буынды жүйеге көшіп, сот сатылары оңтайландырылды. Жалпы, "100 нақты қадам" Ұлт жоспары сот-құқықтық реформасының жаңа сатысына бастама берді.


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 5676    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.05.2018, 18:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31