Құқықтық реформа

Құқықтық саясат тұжырымдамасы - реформа бастауы

  • Құқықтық саясат тұжырымдамасы - реформа бастауы

    Құқықтық саясат тұжырымдамасы - реформа бастауы

Еліміздің құқық қорғау салалары бірнеше рет тиімді реформалар жүргізіп, осы салаға қатысты көптеген құқықтық нормалар қабылданды және заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сондай-ақ еліміздің алдағы онжылдықты айқындаған Құқықтық саясат тұжырымдамасы қабылданып, маңызды құжат табысты жүзеге асырылуда. Сонымен қатар құқық қорғау саласының қызметін тиімді ету үшін шетелдік озық тәжірибелерді игеру де назардан тыс қалмады. Дербестікке қол жеткеннен бастап, Қазақтан конституциялық құрылым мен құқықтық жүйесін бекемдеуге басты назар аударды. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуы демократиялық мемлекет үшін аса маңызды. Тәуелсіз жиырма жылдың ішінде еліміздің қарыштап дамуына қарап отырып, ондаған жыл бұрын таңдалған бағыттың дұрыстығын көреміз. азақстан – өз мемлекеттігін құрған, даму бағытын айқындаған, ұлт тәуелсіздігінің негізін қалаған және нығайтқан, ел аймағының тұтастығын қамтамасыз еткен, шекарасын айқын бекіткен, экономикасын еркін нарықтық даму жолында қалыптастырған ел. Бүгінгі күні Қазақстан халықаралық алаңда танымал деп сенімді түрде айта аламыз.

Қазақстан егемендіктің алғашқы күндерінен бастап құқықтық мемлекет құру жолын таңдап алғаны мәлім. Бұл орайда 1995 жылы бүкіл халықтың қолдауымен қабылданған жаңа Конституцияның алар орны айрықша. Өткен жылы 15 жылдығын атап өткен Ата Заңымыз елімізді өтпелі кезеңнен көшін қаңтармай, жүгін аудармай аман алып өтіп, тұтастығы мен ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етті. Мемлекет өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қабілетті ашық әрі әділетті сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған көптеген іргелі шараларды қабылдап келеді. Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде еліміздің сот жүйесі ұдайы дамып, өркендеу үстінде. Қазақстандағы сот-құқықтық реформасының қарқыны ТМД аумағындағы өзге елдермен салыстырғанда, әлдеқайда алда екенін халықаралық сарапшылар, әлемдік қауымдастық мойындап отыр. Осы жылдар ішінде қазақстандық сот жүйесі шын мәнінде биліктің белді бір тармағына айналды. Мемлекетімізде заман талабынан туындап отырған демократиялық реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. 


Жасымызға, ұлтымызға, саяси, діни және идеологиялық танымымызға, атқаратын қызметімізге қарамастан, заң қағидаларынан ауытқымай, нормаларын бұлжытпай орындау – Қазақстанның гүлденуі мен игілігін еселеу жолындағы табысымыздың кепілі. Пәрменді әрі тәуелсіз сот билігі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы үйлесімді өзара байланыстың, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады. Бұл орайда 2009 жылы Елбасы Жарлығымен бекітілген 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа барынша қол жеткізуін ұсыну арқылы сот жүйесінің ашықтығы мен айқындығы деңгейін арттыру қажет екені айдан анық көрсетілген.

Әрине, реформа бір күнде жасалмайды. Бірақ кейінгі кезде аймақта сот билігі дербес, тәуелсіз билік тармағы ретінде қалыптасып, айтарлықтай жетістікке жетті. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің тиімді органына, Конституцияда белгіленген құқықтар мен еркіндікті шектейтін кез келген заңсыз шешімдер мен әрекеттерден қорғаудың өте нық қорғанына айналады. Еліміздің Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіні ратификациялауы мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі соттың орны мен рөлін жоғарылатуға айтарлықтай ықпал етті. Сондай-ақ соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында судьялар Президент Жарлығымен ғана тағайындалады. Кейінгі өзгерістердің бірі – істерді сотта қарау тәртібіне енгізілген аз ғана өзгертулер. ҚР Конституциясының 1-бабында да республиканы «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі – ең алғашқы кезеңдердің бірі еді. Құқықтық сауатсыздық (нигилизм) әлі де орын алып отырған қоғамда сот билігінің болуы заң үстемдігін, оны орағытып өтудің қандай да болса әрекеттерін болдырмауды қамтамасыз етудің шешуші факторына айналуға тиіс. Бүгінгі таңда сот билігінің шынайы дербестігіне қол жеткізбейінше, соттардың азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін пәрменді қорғайтынына, экономикалық проблемалардың ойдағыдай шешілетініне, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстылықпен күресте табысқа жететінімізге, қолданыстағы заңдардың тиімділігіне үміт артуға болмайды. Осыған байланысты демократиялық қоғамда кең ауқымды сот жүйесін әрі қарай дамытуға Елбасы тұрақты назар аударып, реформаның нық ілгері жылжуына нақты қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда еліміздің басты мақсаттарының бірі – әділ сот төрелігін қалыптастыру болып саналатындығы шындық. Қазіргі уақытта елімізде дербес сот билігі құрылды деп толық айтуға болады. Судьялардың осы қоғамдағы қажеттілікке сай келетін тиімді сот төрелігін жүргізу, жауапкершілігін арттыру, кәсіби деңгейі мен қызметтегі этика нормаларын күшейтуге барша судьялар корпусы күш салуға міндетті. Әлбетте, сотқа құрмет – мемлекеттік билікке деген құрмет деп санау керек.

Елімізде қолға алынып жатқан реформалардың барлығы халықтың игілігі үшін жасалады. Сот саласындағы өзгерістер де азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы заңдылықтарды сақтау мақсатында жүргізіледі. ЖаҺандану жағдайында Қазақстан соттары халықаралық құқықтық кеңістікке қосылу кезеңінде. Бұл өз кезегінде өзіміздің ішкі қажеттіліктерімізді мұқият түрде есепке алып, әлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елбасы сот мәртебесін көтеріп, сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз етуде еліміздің 2010-2020 жылға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасының бағдарламалық маңызды құжат болатынын атап көрсетті. Мемлекет басшысының сот жүйесін, құқық қорғау саласын жетілдіруге деген қамқорлығы мен қолдауына іспен жауап беру – біздің тікелей міндетіміз. Сондықтан ұлан-ғайыр елімізде заңдылықты қамтамасыз етуде барлық сот, құқық қорғау органдарының мүддесі бір, мақсаты ортақ болуы керек деп санаймын. Қазақстандық құқық қорғау және сот жүйесін реформалау, оны одан әрі дамыту ісіне әрқайсымыз қолымыздан келгенінше атсалысуға тиіспіз.


Еркенұр ЕРЗИЯ




Көрілген: 3761    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.05.2018, 02:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30