Құқықтық реформа

Құқықтық саясат тұжырымдамасы – қоғам дамуының негізі

  • Құқықтық саясат тұжырымдамасы – қоғам дамуының негізі

    Құқықтық саясат тұжырымдамасы – қоғам дамуының негізі

Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететің, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды.


Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салалары (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық,қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңнама) бүгінгі күн талабына орай жаңарды.


2003 жылы- Орман, Жер, Кеден, Су кодекстері; 2007 жылы – Еңбек, Экологиялық кодекстер; 2008 жылы- Бюджет, Салық кодекстері; 2009 жылы- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»атты Кодекс әзірленіп, қабылданады.


Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің қоғамда маңызы зор. Азаматтарды тіркеу, некені, неке бұзуды, бала асырап алуды, т.б. жұмыстарды жаңадан қабылдаған заңнамаларға сәйкес жүргізу, азаматтардың құқығын қорғау- Әділет басқармаларының міндеті. Сонымен қатар отбасы құндылықтарын сақтау, азаматтарға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында біршама жұмыстар атқарылды. Оның ішінде өнегелі отбасылар, көп балалы отбасыларымен, әйелдер қауымымен, жастармен, жұмыссыздар арасында іс-шаралар өткізеді. Қалалық Әділет басқармасымен бірлесіп, « Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту» тақырыбыңда ардагер, аналардың, жас отау иелерімен кездесулер, дәрістер өткізіледі, кеңестер, заңнамалар тұрақты түсіндіріледі. Сонымен қатар әртүрлі шаралар ұйымдастырылады: тұсаукесер, бесікке салу, отбасы күнің атап өту, алтын, күміс тойлар өткізу, т.б.


Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту — бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.


Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы.


Қазақстандық заңнаманы Тұжырымдамада белгіленген мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес кешенді дамыту және тиімді пайдалану заңдылық режимін одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтардың конституциялық қуқықтары мен бостандықтарын сақтауға, еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға ықпал ететін болады. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 4714    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 02:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31