Медиация жүйесінің маңызы артып келеді

Медиация жүйесінің маңызы артып келеді

«Ел іші даусыз болмас» дегендей барлық елде түрлі деңгейдегі даулар, келіспеушіліктер, құқық бұзушылықтар кездесіп жатады. Олардың барлығын сотқа сүйреп, сот арқылы әділдік қалыптастыра беру мүмкін емес. Ең алдымен бұл соттардың жүктемесін арттырса, екіншіден сот арқылы дауды шешу, кінәліні жазалау ұзақ уақыт алатын процесс. Үшіншіден, адвокат жалдау, баж салығын төлеу секілді қосымша шығындарға алып келетін әрекет. Төртіншіден сотқа дейін жетпеген істерде жеке өмірдің құпиясы сақталады. Сондықтан уақытты да, қалтадағы ақшаны да үнемдеп, сот саласын қосымша жүктемеден арылтудың, мәселені сотқа жеткізбей шешудің бірден бір жолы медиация жүйесі дер едік. Биыл осындай қоғам үшін оңтайлы, сот саласы үшін тиімді жүйенің елімізде жұмыс істеп жатқанына он жыл.

Дәлірек айтар болсақ, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011-жылы 28-қаңтарда қабылданған болатын. Он жыл ішінде аталмыш жүйе көптеген дауларды тиімді шешіп қана қоймай, ұлтаралық дауларды бейбіт жолмен шешіп, отбасыларды жарастыруда, отбасы құдылығын сақтауда өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген құжат болып отыр. Сондықтан медиацияны түрлі салада сынап көріп, медиаторлар дайындап, медиациялық кабинеттерді ашып еліміз жүйенің қоғамға барынша сіңуі үшін жағдай жасауда. Сондай-ақ «Медиация туралы» заң елімізде медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді. Медиация жүйесінің дамуымен бірге елімізде жүйені іске асыратын медиаторлардың да саны да күн өткен сайын артып келеді. Атап өтерлк жайт, сот жүйесіндегі реформалар сала жұмысын да жеңілдетіп, сот қызметін халыққа қолжетімді етуімен де ерекшеленуде. Яғни медиация қай жағынан болмасын халыққа қолайлы жүйе болып отыр. 

Айта кетер жайт, сотта судьяның тараптарға жақтасуына, түсіндіруіне мүлдем болмайды. Тіпті қандай да бір құжат, дәлелдемелер істің оң шешілуіне мұрындық болатынын білсе де, тараптардың біріне айтуына, кеңес беруіне тыйым салынған. Ал медиатор екі тарапты да бітімге шақырып, екі жақтың да көңілінен шығатындай ортақ шешімге келіп, істің «алтын аралығына» жетуді  көздейді. Яғни, іске тікелей араласа алады. Соған қарамастан ол тәуелсіз, бейтарап, тараптардың өзара келісімі бойынша таңдалған тұлға дей аламыз. Медиациядағы осындай ықпалды әрекет қашан да істің уақыт, ақша жоғалтпай, дер кезінде шешімін табуға ықпал етуде. Сондықтан мүмкіндігінше істі медиациялық жолмен реттеудің артықшылығын уақыт көрсетіп, дәлелдеп отыр. Осындай артықшылықтарын түсінгендіктен қазір медиациялық жолмен қаралатын істердің қатары да артып келеді. Медиация арқылы қаралатын істердің артуына орай қоғамда медиатор маманына да сұраныс арта түсуде. Елімізде медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың міндеттемелерін орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады.

Медиациялық жүйенің қарқынды дамуына орай медиаторларды тез дайындап үлгеру міндеті тұр. Осы орайда елімізде медиаторлар екі жолмен дайындалуда. Олардың бір тобы медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар болса, екіншілері - кәсіби емес медиаторлар. Көбінесе ауылдық жерлерде сырттан кәсіби медиаторларды тарту мүмкін болмағандықтан, ауылдық жердегі 40 жасқа толған, халық арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз жандардың медиаторлықпен айналысуына мүмкіндігі бар. Жалпы жоғары білімді, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады. Қазіргі таңда осындай жолмен медиатор маманға сұранысты қанағаттандырып отырмыз. Бірақ заңгерлер «оларды ұдайы дайындықтан өткізіп, медиатор ретінде шыңдап отырмыз» дейді. Медиаторлар тұрғындар жиынының ресми хаттамасы арқылы жергілікті атқару органдарына тіркелуі тиісті және де заңгер мамандығы болуы міндетті емес саналады. Олар өз қызметтерін тек қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді. Ал мемлекеттік қызметтерді орындауға уәкілетті және оған теңестірілген, заңда белгіленген тәртіппен сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған, оған қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын, заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам медиаторлық қызмет атқара алмайды. Сондықтан медиатор болу оғай деп те ойлауға болмайды. Тек қоғамның сенім артқан, адалдығы мықты, абыройы жоғары, көз ашық, әділдікке жақын жандар медиатор бола алады. Жалпы сот саласындағы реформалар үнемі жетілдіріліп отыратындығымен ерекше дей аламыз!

Тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы да өзара тиімді мәмілеге келе алады. Сондықтан «Татуластыру: сотқа дейін, сотта» жобасы да соңғы жылдары жүзеге асырыла бастады. Мұнда қылмыстық істерді қарау аясында тараптар келісімге келгеннен кейін іс сотта бейбіт келісім ретінде мақұлданады. Жалпы медиация бүгінде барлық елде қарқынды жүзеге асырылуда. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, судьялар арқылы татуластыру рәсімдерін жүргізу Германия мен АҚШ-та кең етек жайған көрінеді. Ал медиация институты Австрия, Венгрия, Болгария, Румыния, Польша елдерінде қарқынды түрде дамуда. Нидерланды, Франция, Германия, Бельгия, Швейцария, Италияда медиация заңнамалы деңгейде бекітілген. Біздің елімізге де ол кеше келген жүйе емес. Медиацияның қоғамымызға енгізілгеніне он жыл болды десек те, ұлттық ерекшелігімізге медиациялық жат емес екенін түсінеміз. Атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер сол замандағы кәсіби медиаторлардың рөлін атқарды десек артық айтқанымыз емес. Олар да өзара дауласып, жанжалдасып қалған руларды, ауылдарды, әулеттерді бір-бірімен татуластырып, әділ шешімін шығарып, жауласқанды бітістіріп, ортақ мәмілеге келтіріп жүргені тарихтан белгілі. Тәуке ханнан мұра болып қалған «Жеті жарғыда» да баптардың біразы медиация принциптеріне негізделеді. Ата-бабамыз дауласқан талай жандарды, «бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп, мүмкіндігінше дауларды ушықтырмай дер кезінде шешудің жолы бітімге келу деп шешкен. Нәтижесінде ата-бабамыздың бітімгершілік жолы ауыл аймақта сотсыз-ақ талай тентекті тезге салып, түрмесіз ақ ел басқаруға жол ашқан. Сондықтан «медиация жүйесі елімізге жат емес, медиация бітімгершіліктің жалғасы» деп толықтай айта аламыз. Түрленіп, жаңғырып, қолданысқа қайта енген сот жүйесінің кезекті реформасы қоғам көңілінен шығып отыр. 

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста