Құқықтық реформа

Медиациялық жолмен шешімін табатын істердің қатары артып келеді

  • Медиациялық жолмен шешімін табатын істердің қатары артып келеді

    Медиациялық жолмен шешімін табатын істердің қатары артып келеді

Медиация терминінің қоғамымызға енгеніне бес жалдан асты. Қазір бұл жүйе еліміздің сот саласында, құқық қорғау саласында емін еркін қолданыста. Тіпті күннен күнге оның қолданыс аясы кеңіп, түрлі мақсаттарда қолданылып жүр.  


Медияцияның мақсаты – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету. Осындай екі тарапқа да ыңғайлылығына орай бүгінде медиациялық жолмен келісімге келуге сұранушылардың қатары артып отыр.

Медиация шетелде алғаш рет отбасылық қатынастар аясында туындаған дау-дамайларда қолданыла бастайды. Кейіннен ауқымды кикілжіңдер мен даулардың шешімін табуда кең қолдау тапқан медиация жергілікті қоғамдастықтардағы жанжалдан бастап, коммерциялық және көпшілік ауқымда туындаған күрделі әрі жан-жақты дауларға да «төрелік» жүргізе бастаған. Қазіргі таңда біздің елімізде де медиация осындай дау жанжалдар кезінде қолданылуда. Тарихта белгілі болғандай ел ішіндегі кез-келген даулы мәселелер мәмілегерлік, өзара түсінушілік, бітімгершілік жолымен шешіліп отырғандықтан ағайындар арасында алауыздық тумай, ұзақ жыл береке-бірлікте өмір сүрген. Кешірімділік, кішіпейілділік ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан. Сондықтан біздің елімізде де сот жүктемесінің азаюына үміт зор!Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы бойынша дауларды жеке қарсылық аясынан шығарып, мүдделі пікірталас аясына беру көзделген. Мүдделі азаматтар мен ұйымдарға дауларды сотқа жүгінбестен, сотқа дейінгі сатыда қарау барысында шешу іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру қамтылады. 


Бітімгершілік - дауды шешудің озық әдісі болып табылады. Ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады. Бұл халыққа да, сотқа да тиімді.Сондықтан дауларды сотқа жеткізбей-ақ бітімгершілікпен шешу мәселесін жүйелендіріп, жұмысты оңтайландыра түскен жөн деп санаймыз.


А.Б. Нугуманова, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының судьясы 


 




Көрілген: 588    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.08.2019, 18:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30