«Мінсіз судья», «Үлгілі сот» қандай болмақ?

«Мінсіз судья», «Үлгілі сот» қандай болмақ?

Советхан СӘКЕНОВ, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

Жоғарғы Соттың төрағасы дер кезінде көтеріп отырған сот саласындағы «жеті түйін» ең актуальды, ең қажетті мәселе деп ойлаймын. Онсыз алға жылжу, ескексіз қайықпен жүзгендей әсер қалдырады. Демек, қазіргі кездегі басты сұрақ, негізгі мәселе – бидің тұлғасы. Ол қандай болмақ керек?

Меніңше, қазіргі заманның биіне қойылатын негізгі талаптар төмендегідей болса деген ұсыныс айтқым келеді.

«Мінсіз судья» – біріншіден, жан-жақты білімді, мәдениетті, парасатты болуы керек;
Екіншіден, дөрекі, тәкаппар, менмен болмауы керек;
Үшіншіден, өмірлік те, кәсіби де мол тәжірибесі бар, жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білетін, ары таза, адамгершілігі мол, мәдениетті, әділетті шешім қабылдауға жаны құштар, жоғары лауазым иелері мен басқа да адамдардың заңсыздыққа басқызатын қоқан-лоқы әрекеттерінен қорықпай, қашанда қайсарлық танытатын тұлға болуы қажет.

Өйткені, судьялық қызмет – құқық­тық-демократиялық елді құру және дамыту барысында, әділ, қатаң заң негізінде дұрыс билік айтуды талап ететін, әрі ол жөнінде соңғы болып нүкте қоятын, заң саласының ішіндегі ең шоқтығы биік, жауапкершілігі өте зор, мәртебесі бөлек мемлекеттік лауазым.

Ертедегі билеріміз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» демеп пе еді? Себебі «Елге бай құт емес, би құт», – деген ғұлама бабаларымыз. Ал, «Мінсіз судья» мен «Үлгілі сот» бір-бірімен байланысты жақын ұғым. Егер соттағы судьялардың барлығы мінсіз болса, онда ол сот та міндетті түрде, үлгілі сот болмақ. Егер осы екі бағыт, екі бағдар дұрыс болса, қалған бес бағдар да осыларға тікелей байланысты, әрі осылардың негізінде өрбиді.

Жеті бағдардың негізгі фундаменті, басты тұғыры – «Мінсіз судья» мен «Үлгілі сот». Үлгілі соттың ұжымында моральдық, психологиялық климат, сот қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы, адами сыйластығы жоғары деңгейде болуы шарт.

Төртіншіден, судьялар (болашақ судьялар) қазақтың тарихын, әдет-ғұрпын, әдебиетін, мәдениетін білетін, яғни, бір сөзбен айтқанда, рухты, намысты, иманды азамат, әрі мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, сауатты жаза алатын, жан-жақты ойлайтын, өзіндік пікірі болуы шарт.

Бесіншіден, үміткермен бірге қыз­меттес болған, оны адами, кәсіби жағынан жақсы білетін екі-үш беделді азамат пен заңгер немесе тікелей бас­тықтары жазбаша мінездеме (рекомендация) берсе және де сонысына олар белгілі бір дәрежеде жауапты болса.

Алтыншыдан, би болғысы келетіндер бұқаралық ақпарат құралдарында, әрі жеке тексерулер арқылы сұрыпталып, тазалығы жөнінен кейін де осындай сынақтан тұрақты өтіп тұрса.

Жетіншіден, би болуға ұмтылған адамға керек ең бірінші шарт – таза болу. Тазалығы болмаған адам, мейлі білімді, мейлі ақылды, кім болса, ол болсын, ешкімге опа бермейді.

Абай хакім:

 

«Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй, бауырымдеп,
Және хақ жолы осы деп әділетті», –деген екен.

Демек, бұдан шығатын қорытынды – әділеттілік жоқ жерде бәрі бекершілік деген сөз. Сондықтан, әр судьяда әділеттілікке деген махаббат болуы керек. Ал, әділеттілік кадрды дұрыс таңдаудан басталады.

Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхан: «Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің бетінің жақсы жағына қарамайтындай жағдайға қою шарт» деген екен. Ғұламалардың осы айтқандарынан судьялардың қоғамдағы, мемлекеттегі алатын орны мен әлеуметтік жағдайының қандай дәрежеде болуы керектігі айқын көрініп тұрған жоқ па?

«Жеті түйіннің» алғашқысы әділеттілік, содан кейінгілері судьяның жауапкершілігі мен тәуелсіздігі деп аталуы бекер емес. Ісіміз оңынан болып, алға қойған жасампаз мақсаттарымыз әділ орындалуын нәсіп етсін.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста