Отбасылық сот уақыт талабы

Отбасылық сот уақыт талабы

Отбасы институтын жандандыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу – кез келген өркениетті елде басты орында тұратын өзекті мәселе. Өйткені жанұядағы жарасымдылықтың бұзылуы, отбасылық тәрбиенің әлсіреуі елдегі тәртіптің бұзылуына, құқықбұзушылықтың көбеюіне ықпал етеді. Осындайда ғұлама ғалым әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген мағынасы терең тәмсілі еске түседі. Шын мәнінде, еліміздегі ажырасудың көбеюі, тастанды балалар санының артуы, толық емес отбасында өскен балалар мәселесі отбасындағы тәрбиенің төмендігімен өзектес.

Соңғы жылдары сотқа неке бұзу туралы талап арызбен жүгінетіндер көп. Алимент өндіру, баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы өтінішпен жүгінетіндер де толастамай тұр. Одан бөлек, Қазақстандағы статистика қылмыс жасайтын жасөспірімдердің 90 пайызының толық емес отбасынан шығатынын айғақтап отыр. Бұл бала үшін ананың аялы алақаны қандай маңызды болса, әкенің тәлімі де сондай қажет екенін көрсетеді. Соны анық аңғарған бабаларымыз «Бір әкенің тәлімін отыз мектеп бере алмайды» деп әділ айтқан. Міне, сондықтан да елдегі ажырасу санын азайтып, толық емес отбасындағы мәселелерді шешу үшін отбасы құндылығын арттыратын қадамдарға бару керек.

Жоғарғы Сот тарапынан жүзеге асып келе жатқан «Отбасылық сот» пилоттық жобасы – осы мақсатта қолға алынған маңызды бастамалардың бірі. Отбасылық сот жобасы оң нәтиже берген өркениетті елдер баршылық. Соның ішінде мұндай соттар Сингапур, Ұлы британия, Германия, Польша, Жапония сияқты елдерде және АҚШ-тың кейбір штаттарында біраз уақыттан бері жемісті жұмыс істеуде. Әсіресе Сингапур елінің тәжірибесі бізге үлгі ретінде алынғанын айта кеткен жөн. Бұл елде отбасылық дәстүрге, аға буын мен кіші буын арасындағы сыйластыққа ерекше нәзік тақырып ретінде қарайды. Сондықтан мұндай істерді бір соттың маңына топтастырып, процеске қатысушыларға оңтайлы орта, жайлы атмосфера қалыптастыру жағына барынша ден қояды. Сот ғимаратының, ақылдасу бөлмелері мен сот мәжіліс залдарының өзі көзге түспейтін, отбасылық аураны сезіндіруге көмектесетін түспен боялып, жиһаздар да сол тәртіппен таңдалады. Сонымен қатар әрбір процеске педагог, медиатор, психологтарды қатыстыру да Сингапурдың отбасылық соттарының басты шартына айналған. Мұның қаншалықты пайдалы екенін сингапурлық соттар тәжірибесінен де аңғаруға болады.

Судьядан бөлек, медиатор, психологтардың кеңесіне жүгінген ерлі-зайыптылардың отбасын бұзуы сирек. Ал некенің сақталуы ортақ мүлікті бөлуді есептемегенде, баланың қай ата-анасымен қалатынын анықтау, алимент тағайындау, баламен кездесу уақытын белгілеу сияқты көптеген қосымша сот отырыстарының алдын алады. Міне, сондықтан да сингапурлық сот тәжірибесін екі жылдан бері тиімді жүзеге асырып келеміз. Жалпы, отбасылық соттан бөлек, бұрынғы Кеңес Одағына кіретін мемлекеттер ішінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған соттар тек Қазақстанда ғана жұмыс істейтінін айта кеткен жөн. Осының өзі біздің елімізде отбасылық құндылықтарға, некені сақтауға, әрбір баланың толық отбасында өмір сүруіне барлық жағдай жасалатынын көрсетеді.

Дегенмен бұл бағыттағы жұмыстарды тек арнайы соттар құрумен шешу мүмкін емес. Ол үшін сондай-ақ мектеп табалдырығынан бастап балаларды отбасылық құндылықтарды құрметтеуге дағдыландыру қажет. Соған орай жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына «Отбасылық өмірдің психологиясын» үйрететін пән енгізген дұрыс. Сонымен қатар неке құрғалы отырған жастар «Отбасылық өмір курстары» бойынша арнайы курстан өтіп, отбасы құрудың жауаптылығын сезінсе дейміз. Дауды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін енгізіп, жергілікті атқарушы органда «Отбасылық мәселелер кабинетін» құрудың да пайдасы зор. Бұл жерге психологтар мен медиаторларды топтастырып, кеңес беруіне жағдай жасасақ, ерлі-зайыптылар одағын сақтауға мүмкіндік кеңейеді. Қазіргі заңнамаға сай, ажырасуға ниет білдірген ерлі-зайыптылардың ойлануына берілетін уақыт аз. Ал отбасылық соттың мақсаты отбасыны жарастыру болғандықтан, ерлі-зайыптылардың татуласуына бір жылдан кем емес мерзімге мүмкіндік ұсыну керек. Тіпті екі жақ некені бұзуға келіскен жағдайда да осы ұсыныс айтылғаны жөн. Міне, осындай шарттар іске асырылса, отбасылық соттардың да құзыреті кеңіп, ажырасу саны да біртіндеп кемитін еді.

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста