Құқықтық реформа

Отбасылық соттың маңызы артып келеді

  • Отбасылық соттың маңызы артып келеді

    Отбасылық соттың маңызы артып келеді

Бүгінгі күні еліміздің 51 сотында «Отбасылық сот» жобасына 107 судья жұмылдырылып отыр. Олар отбасын сақтап қалуға және олардың құқықтық проблемаларын шешуге барынша жетілдірілген түрде жұмыс істеуде. Жалпы елімізде енді қолға алынған жобадан күтер үміт молуда. Өйткені отбасы құндылығының төмендеп кетуі, отбасындағы әрбір адамға қатысты мәселелердің қордалана түсуі, ажырасқан шаңырақтардың көбеюіне орай еліміз отбасылық сот жобасын қоғамымызға тезірек енгізуді қолға алып отыр.

Деректерге сенсек, алғашқы отбасылық сот Жапонияда 1947-1948 жылдары қалыптасқан. Оның артынша Жапониядан кейін, Францияда, Англияда, Бельгияда, Люксембурте, АҚШ елдерінде құрылған. Жопонияда отбасылық соты – аудандық сот жүйесіндегідей, құзыры бойынша жасы 14-20 аралығындағы кәмелетке толмаған құқық бұзушылар және осы жас аралығындағы әлеуметтік әлсіз тұлғаларға қатысты, тәуелсіз сот болып табылады. Айта кетсек, Жапониядағы отбасылық соты келесі мәселелерді қарастырады: кәмелетке толмағандардың қылмысымен құқық бұзушылығы, кәмелетке толмағандарға зиян келтірумен жанасқан ересектердің қылмысы, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша отбасылық құқыққа сәйкес барлық сұрақтар жиынтығы. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты өкілдік және қадағалау, жасөспірімдердің білімі мен тәртібі, отбасылық қатынасты жақсарту және тағы басқа сұрақтар. Ал біздің елімізде құрылып отырған "отбасылық соттардың басқа соттардан қан­дай ерекшелігі бар дегенге келер болсақ, бірінші­ден, аты айтып тұрғандай бұл соттың басты кей­іпкері отбасы мен бала және оның құқықтары. Осы жерде бұл соттың екінші ерекшелігін аңғаруға болады. Яғни, отбасы мен бала бар жерде мейірім, қамқорлық, түсіністік, сенім, жанашырлық деген игі қасиеттер қатар жүруі керектігі ескерілуі тиіс. Сондай-ақ «Отбасылық сотта» ана мен баланың құқығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баланың тұрғылықты орнын анықтау секілді істер қаралады. Ең бастысы мұнда істердің басым бөлігін медиативтік рәсіммен, яғни дауласушы тараптарды бітістірумен аяқталу көзделеді.


Атап айта кетер жайт, елімізде жасалып жатқан мұндай қанатқақты жобалардың барлығы ең алдымен еліміздегі адам құқығын қорғауды күшейту мақсатында қолға алынып отыр. Сондықтан жобаға құқық қорғау саласына серпін берер бастама ретінде мамандар үлкен үміт артып отырғанын айта кету керек.


Қаныбеков Мақсат Бауыржанұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

жұма, 29.03.2019, 12:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30