Құқықтық реформа

Реформаның берері көп

  • Реформаның берері көп

    Реформаның берері көп

Президент жарлығымен бекітілген тұжырымдаманың сот саласына, күштік құрылымдар жұмысына үлкен серпін әкелгені күмәнсіз. Дәл осы көпжылдық бағдарламада халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділігін қалыптастыру арқылы сот жүйесінің ашықтығы мен айқындығын арттыру қажет екені көрсетілген. Зер салып қарайтын болсақ, Қазақстанның сот билігі дербес, тәуелсіз билік тармағы ретінде қалыптасу мен дамуда айтарлықтай жетістікке қол жеткізді.


Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстың ең басты жеңісі – бүгінде азаматтар өз құқығы мен бостандығын қорғаудың кепілі ретінде тек сотты мойындайды, сотқа сенім артады. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Және қазақстандық Фемида бұл жетістікпен тоқтап қалмай, жаңа реформаларды енгізу арқылы сот билігін бұрынғыдан да мықты, бұрынғыдан да пәрменді, таза, әділетті құрылымға айналдыруы тиіс. Ол үшін судьялардың біліктілігін көтеріп, сот жұмысының сапасын арттыру аз. Мақсатқа жетеміз десек, үшінші билікті барынша ашық, халық үшін қолжетімді, жариялы ортаға айналдырған

дұрыс. Азаматтар сотқа еркін жүгініп, әкімшілік кедергілер азайғанда ғана мұндай межеге жету оңай. Осыған орай, соттардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін жұмысты жүйелеу, сот тәжірибесіне заманауи озық технологияларды енгізу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде.


Электрондық қызметтің жолға қойылуы жемқорлықты болдырмауға да ықпалын тигізіп отыр. Шынын айтсақ, сот хаттамасын машинкамен теріп, арыз­-шағымды кезек күттіріп қабылдап жүрген шақта «күні ертең осы тауқыметті жұмыстың бәрі жеңілдейді, азаматтар талап арызын үйде отырып­ақ жолдай алады, істер судьяларға компьютердің көмегімен бөлініп беріледі, хабарламаны жіберу үшін хат жазып, поштаға жеткізудің ауылы келмеске кетеді» десе,

сырттағы бөтен адам тұрмақ, сот саласында еңбек етіп жүрген жандардың өзі сенбес еді. Алайда, бұрын ертегідей көрінген осы жаңалықтың бәрі қазір шындыққа айналды. БААТЖ бағдарламасы істерді судьяларға әділетті, тең бөліп беруге ықпал етсе, «Сот кабинеті» азаматтарға арыз- ­шағымын кез келген жерден сотқа жолдауға мүмкіндік туғызып отыр. Бейне-конференц байланыс жүйесі республиканың солтүстігі мен оңтүстігіндегі, шығысы мен батысындағы судьялардың ашық пікір алмасуына жол ашты. Сондай­- ақ, бұл түзеу мекемелеріндегі сотталушылардың ісін қарағанда, алыс аймақтарда тұратын куәгерлерден жауап алғанда артық шығынсыз, уақытты үнемдей отырып істі таразылауға

жағдай жасап отыр.

«Сот кабинеті» де өзін ақтаған жоба. Аталмыш электрондық ақпараттық сервис сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған. Осы сервистің көмегімен азаматтар кеңседе, үйде отырып өзіне ыңғайлы уақытта сот құжатын жолдап, істің қозғалысын бақылап, сонымен қатар, сот актісін басып шығара алады. Ең бастысы, мұндай игілікті пайдалану үшін азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы Соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған. Бұған қоса, Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың сайтында «Сот құжаттарымен танысу» сервисі іске қосылған.

Заң аясында жан-жақты таразыланып, әділ қабылданған сот актісі – жүйе беделін арттырудың бірден-бір кепілі.

Елбасы ұсынып отырған реформалардың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет саласын уақыт талабына сай жетілдіріп,

сапасын жақсарту және басқару жүйесінің тиімділігін арттыру. Демек, бес институционалдық реформаны іске асыру барысында еліміздің мемлекеттік қызметті жетілдіру үлгісі ең үздік елдер қатарына қосыларына сенім мол.

Еркенұр Ерзия




Көрілген: 5451    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 18:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30