Құқықтық реформа

Сот жүйесі айқын бағытпен дамуда

  • Сот жүйесі айқын бағытпен дамуда

    Сот жүйесі айқын бағытпен дамуда

Біздің еліміздің басты бағыттарының бірі сот жүйесінің дамуы болып табылады. Сондықтан сот төрелігін жүзеге асыратын судьяларға қойылатын талап жыл өткен сайын күшейіп келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты әрі барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асырулары тиіс», – деп атап өткен болатын.


Елбасының судьялар біліктілігіне қойылатын талаптарын күшейтуі, заман талабынан туындап отырған мәселе. Осы орайда Судья лауазымына кандидаттарды іріктеудің қатаң тетігі мен жоғары біліктілік талаптарының күшейтілуі сот жүйесіне оң әсер етуде. Судьяларды іріктеу мен тағайындау ашық түрде өткізіледі. Қазақстан соттарын реформалаудағы мәселе – сапалы судьялар корпусын жасақтау болып саналады. Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, олардың этикасы, судья лауазымына үміткерлерді таңдау тетігі жаңа талаптармен толығуда. Ендігі жерде сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету жолында судьялардың әділдігі де талап етілмек. Бұл жөнінде Елбасымыз «Ең бастысы, сатылмайтын сот билігінің болуы елдің бүкіл құқықтық жүйесінің сапалы жұмысының міндетті шарты болып табылады», – деген болатын. Сондықтан бабалар жолымен "тура биден туған жоқ" талабы күшейтіле түсуде. сондай-ақ судья лауазымына кандидаттарды дайындау және іріктеу жүйесінің өзгеруі сот корпусын тек қана кәсіби тұрғыда ғана емес, сонымен бірге өмірлік мол тағылымы бар, барынша тәжірибелі әрі дайындығы жоғары мамандармен нығайтуға мүмкіндік беруде. 


Судьялардың кәсіби және моральдық бейнесіне деген қоғам талабының артуы,Судьялар әдебінің жаңа кодексін қабылдауға қажеттілік тудырды. Бұл ретте, судьялардың тәуелсіздігі мен мәртебесі елімізде заң жүзінде белгілендігін атап өткен жөн. Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.


Судьяларға қойылар талаптың күшейтілуіне орай еліміздің сот корпусының негізгі бөлігін сауатты, кәсіби білікті судьялар құрайды. Судьялардың кәсіби және тәжірибелік білімдерін ұдайы арттыру, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің имиджін көтеру мақсатында, олардың мамандану мәселесін ескере отыра, Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған «Сот білімі Стратегиясы» қабылданып, қазіргі таңда стратегия талаптарын толыққанды жүзеге асыру талабы жүктелуде. Сондықтан судьяларға қойылар талап алдағы уақытта да саланың бақылауында болмақ.


Жоғарыда аталған өзгерістердің уақытылы жүзеге асырылуы сот жүйесінің жарқын болашағын көрсетеді. Осы бағыттан таймай, ауқымды шараларды іске асыруда белсенді ат салысып, өз үлесімізді қоссақ бүгінгі сот жүйесінің көрінісі оданда көркейе түсетініне сенімім мол.


Бакин Адиль Амантаевич, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының судьясы

 




Көрілген: 1501    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.12.2018, 09:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30