Құқықтық реформа

Сот жүйесіндегі өзгерістердің сот сапасына әсері зор

  • Сот жүйесіндегі өзгерістердің сот сапасына әсері зор

    Сот жүйесіндегі өзгерістердің сот сапасына әсері зор

Бүгінгі таңда елімізде сот жүйесін жетілдіру мен жаңғырту жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Бұл өзгерістерді Елбасының «Ұлт жоспары» және сот төрелігінің сапасын арттыру мен сот жүктемесін төмендету туралы тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылған сот реформаларының жалғасы деуге болады.


Бұл заң нотариустардың атқару жазбасы арқылы ақшалай міндеттемелерді өндіріп алу мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр. Нотариустар атқарушылық жазбаны оған жүгінген кезде әзірлеуге міндетті. Бұл тез әрі өте ыңғайлы. Сонымен қатар даусыз қарыздарға баламалы өндіру әдістері алынып тасталды. Заңға енгізілген өзгерістер азаматтардың бірқатар даусыз талаптарымен тек нотариусқа ғана жүгінуі тиіс екендігін айқындайды. Осыған байланысты биылғы жылдың 3 ақпанынан бастап дауды соттан тыс реттеу рәсімін сақтамаған арыздар қайтарылады. Азаматтық процестік кодексте нотариусқа жүгіну үшін қосымша ынталандырулар жасалады. Мысалы, егер талап қоюшы дауды шешуді талап етсе, судья талап қоюдың негізділігіне қарамастан, іс бойынша сот шығындарын талап қоюшыға жүктеуге құқылы. Осылайша атқарушы жазба жобасының дамуына жол ашып, бұрын сотта қаралған талаптардың 20 пайыздан астамы нотариустарға берілетін болады. Азаматтық процестік кодексте көзделген 18 бұйрық арқылы іс жүргізу өндірісінің 9-ы нотариатқа тапсырылады.


Атап айтсақ, бұлар — орындау мерзімі басталған жазбаша мәміле бойынша еңбекақыны өндіріп алу, ломбардтардан кепіл затын өндіріп алу, лизинг нысанын талап ету, коммуналдық төлемдер мен ПИК төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу, жалға алу төлемдері және басқа да тек нотариустармен қаралатын даусыз талаптар.


Сондай-ақ нотариусқа жүгінген тұлғаның шығындары борышкермен өтелетіндігі, ал есептелген, бірақ төленбеген еңбекақы өндіріп алу туралы талап бойынша өтініш білдіргендер нотариустың қызметіне ақы төлеуден босатылатындығы жөнінде толықтырулар енгізілді. Қарап отырсақ енгізілген өзгерістердің қай қайсысы болмасын азаматтардың құқығын қорғауды жеңілдетіп тұруымен құнды. Бұл жаңалықтар азаматтардың материалдық және моральдық шығындарын азайтатынын растайды. Атқарушылық жазба атқару парағының күшіне ие және ол бойынша өндіріп алу атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жүргізілетінін айта кеткен жөн. Сондай-ақ берешекті осы тәсілмен өндірудің артықшылықтарына тоқталсақ: Біріншіден, қаражатты үнемдеу. Бұл тұрғыда нотариустың атқарушы жазбасын орындау жарнасы сот шығындарынан айтарлықтай төмен;


Екіншіден, сот бұйрығын беруден оның айырмашылығы, нотариуспен атқару жазбасын орындау үшін борышкердің келісімі талап етілмейді.

Үшіншіден, сотта қаралумен салыстырғанда нотариаттық іс-әрекеттердің мерзімдері өте қысқа.


Демек, атқарушы жазба нотариустың жаңа нотариаттық әрекеті ретінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған іс-әрекеттердің тәртібін жеңілдетеді.


Жанна Еркінқызы, Қапшағай қалалық сотының судьясы

 




Көрілген: 318    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.03.2019, 00:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31