Құқықтық реформа

Сот жүйесіндегі цифрландыру жобасы дамып келеді

  • Сот жүйесіндегі цифрландыру жобасы дамып келеді

    Сот жүйесіндегі цифрландыру жобасы дамып келеді

Қазақстанның сот жүйесін дамыту бойынша айқындалған жеті басым бағыттың бірі "Е-Сот" жобасы шеңберінде "Виртуалды сот" пилоттық жобасы іске қосылған болатын.

Аталған жоба аясында тараптар смартфондарына орнатылған "TrueConf" қосымшасы арқылы сот процесіне бейнебайланыс арқылы онлайн режимде тікелей қосыла алады. Сот процестерін виртуалды өткізу сот төрелігін жүзеге асырудағы аумақтық кедергілерді жойып, уақыт және материалдық ресурстарды үнемдеп, сот төрелігіне шексіз және ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сот қызметін оңтайландыру, халыққа ыңғайлы, ашық, қолжетімді етуге бағытталған "Сот төрелігінің 7 түйіні" бағдарламасы аясындағы пилоттық жобаларды Алматы қ. Әуезов аудандық сотында қолданысқа кеңінен енгізу үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылған.

Соттың ғимаратында медиация кабинеті, фронт-офист ашылды. Орталық арнайы техникамен жабдықталған және азаматтарға сотқа беретін арыздардың тәртібі туралы ақпарат алуға, медиатормен немесе адвокатпен кеңесе отырып, құқықтық мәселелердің шешімін табуға, сондай-ақ, сотта қаралып жатқан өтініштердің мән-жайы туралы білуге мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар, медиаторлар мен адвокаттарға және азаматтарға іспен танысуға арналған кабинеттер қарастырылды. Орталыққа келушілер қажетті ақпарат алып, сотқа қажетті құжаттарын тапсыра алады. Бұдан бөлек, "Сот кабинеті" сервисі арқылы істің барлық қозғалысын бақылап отыруға мүмкіндігі бар.

Айта кетерлігі, «Е-сот» шеңберінде халық пен сот қызметкерлерінің ІТ қызметтерін жүз пайыз пайдалану. Ол үшін ІТ саласында жаңа трендтер, қарапайым және қолайлы электрондық сервистер іске асырылуда.

Тұтастай алғанда, сот жүйесін дамытуға бағытталған жобалардың басты мақсаты- соттар жұмысының тиімділігін арттыру, сот төрелігінің сапасын жақсартып, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмыстарын оңтайландыру, қоғамның сотқа деген сенімін арттыру.

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы

М. Сейдахметов 




Көрілген: 1522    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.12.2019, 00:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31