Құқықтық реформа

«Сот кабинеті» сенімді ақтады

  • «Сот кабинеті» сенімді ақтады

    «Сот кабинеті» сенімді ақтады

Соңғы жылдары еліміздің құқық қорғау жүйесіне көптеген өзгерістер жасалды. Осы саланы жетілдіруге арналған бұл өзгерістер оң нәтижесін беріп те жатыр. Мәселен қоғамдағы өзгерістерге сәйкес соңғы жылдары сот жүйесінің қызметіне жаңа ақпараттық технологияларды еңгізу қажеттілігі туындады. Осылайша 2014 жылдың 9 маусымнан бастап «Сот құжаттарымен танысу» және «Сот кабинеті» атты жаңа электронды сервистері іске қосылды. Бүгінде сот саласындағы бұл өзгерістер өзінің тиімділігін дәлелдеп келеді. 


Түсініктеме берер болсақ, сот кабинеті – электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе болып саналады. Сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған жүйе бүгінде сіңісіп, сала қызметін оңайлатуда. Осы жүйенің арқасында кез келген азамат, немесе оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ Интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін қарай алады. Қазіргі таңда сотқа заңды тұлғалардан келіп түсетін талап-арыздар 100 пайыз электронды түрде түседі. Ол соттың да, сотқа жүгінген тұлғалардың да уақыты мен жұмысын азайтуда. Мәселен кез келген тұлға өзінің уақыты мен қаражатын шығындамай үйінен талап-арыз жіберсе, ол электронды түрде соттың базасына түседі. Сот қызметкері дайын электронды түрде түскен арызды тіркейді. Ол үшін ол құжаттарды сканерден өткізіп, базаға салып жатпайды, өйткені олардың барлығы дайын түседі. Айтып өтетін жай, ол сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады, және сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті азайтуға ықпал ететіні дәлелденіп отыр. Бұдан басқа, сот кабинеті арқылы үйден шықпай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуге, істердің қарау тізімін, сотқа шақыру туралы хабарламаларды алуға, сот істерін іздеуге, сот отырысының хаттамасына ескертпелер жіберуге мүмкіндік бар. Осы электрондық сервисті қолдана отырып, сот отырысының қатысушылары олайн режимінде азаматтық сот істерін, олардың реквизиттері бойынша іздей алады, олармен таныса алады, әртүрлі іс-жүргізу сұрақтары бойынша шығарылған құжаттарды көріп және баспаға шығарып алуға мүмкіндік бар. Сот жүйесінде жоғарыда аталған электрондық қызметтер тәріздес қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, бюрократиялық кедергілерді жояды. Ал бұл азаматтардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге септігін тигізеді, сот жүйесінің тұрғындар үшін барынша айқын және қолжетімді болуына мүмкіндік береді.


Мемлекетімізде жасалып жатқан ізгі бастамалардың барлығы қарапайым халықтың қамы үшін қолға алынған шаралар. Заманауи электрондық қызмет сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігіне бағытталған. Сондықтан «сот кабинеті» қызметі бүгінгі күннің талабына жауап беріп қана қоймай, көптің көңілінен шыққан жүйе болып отыр.


Арай НУГУМАНОВА,


Бостандық аудандық №2 сотының судьясы


Алматы қаласы 




Көрілген: 4133    Пікірлер: 0

жұма, 04.05.2018, 16:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30