Құқықтық реформа

Сот саласын цифрландыру салаға серпін берді

  • Сот саласын цифрландыру салаға серпін берді

    Сот саласын цифрландыру салаға серпін берді

Қазақстан – құқықтық жүйесін әлемнің озық стандарттарына сай келтіру үшін тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ өрке­ниет­ті елдер тәжірибесін тыңғы­лықты зерделей отырып, бүк­песіз ашық сот жүйесін қалып­тастыру мақсатында келелі шаралар қабылдап келе жатқан ел.


Елбасы озық сот тәжіри­бесін қалыптастыру мен сот өндірісін жетілдірудің негізгі көзі инновациялық технологияны кеңінен пайдалану екенін, 2009 жылы судьялардың V съезінде атап айтқан болатын. Бүгінде ол іске асып, соттар қағазбастылықтан арылып, ­электронды технологияға негізделген, заман талабына сай, оңтайлы, қолжетімді, ашық сот процестері базасы жасалды.

Жоғарғы соттың сайтында 2014 жылы «Сот кабинеті» сервисі іске қосылып, электронды цифрлы қолтаңбаға ие азаматтар сотқа талап арыз-шағым, өтініш, пікір немесе қарсы талап арызды электронды түрде беріп, мемлекеттік баж салығын онлайн режімде төлеу мүм­кіндігін пайдаланса, 2017 жылдан бастап сот процестерін бақылайтын ахуалдық орталық іске қосылды. Сондай-ақ «100 нақты қадам» ұлт Жоспарының 20-қадамын орындау мақсатында еліміздің барлық өңірінде сот зал­дары аудио-бейнетіркеу жүйесімен, соның ішінде, бейнебайланыс құрылғыларымен 100 пайызға жабдық­талуда. Бүгінде соттарда цифрландыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, электронды сервистердің арқасында азаматтар үйден шықпай-ақ сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік алды. Бұл тұрғындардың уақыты мен қаржысын үнемдеуден бөлек, пошталық шығынға жұмсалатын бюджет қаражатын едәуір қысқартуға жол ашты. Әрине, сандық әлемнен ұтарымыз көп.


Қазір күнделікті сот тәжірибесінде соттар IТ-технологиялар мен ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастады. Өйткені ол сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдетіп, оңтайландырып, халықтың қолжетімділігін арттырады.

 «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған электронды сот жүйесі халықтың жоғарғы билік өкілдеріне деген сенімін арттырып, жұмысын жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылтудың бірден бір жолы. Электрондық ақпараттандыру мен жоғары технологиялардың сот жүйесімен бірегей үйлесімділік табуы – өркениетті 30 елдің қатарына қосылуға бір табан жақындата түсері сөзсіз.


Умирбекова Ақерке, Алматы қаласы №2 Бостандық аудандық сотының бас маманы, Сот мәжілісінің хатшысы


 




Көрілген: 1303    Пікірлер: 0

жұма, 28.09.2018, 01:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31