Құқықтық реформа

Сот саласындағы өзгерістер жоғары бағалануда

  • Сот саласындағы өзгерістер жоғары бағалануда

    Сот саласындағы өзгерістер жоғары бағалануда

Осыдан он шақты жыл бұрын қабылданған құықтық саясат тұжырымдамасы еліміздің құқықтық саласында үлкен өзгеріс керек екенін аңғартты. Нәтижесінде аталмыш салада түрлі реформалар жасалып, оң өзгерістер орын алды. Осы орайда  халықаралық ұйымдар түрлі рейтингтер жүргізіп, Қазақстан сот жүйесі көрсеткіштерінің жылдан-жылға жақсарып жатқанын көрсетуде. Мәселен, өткен жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде құқық қорғау органдары, сондай-ақ, сот арқылы азаматтар құқығын қорғау мәселесі бойынша Қазақстан 50 озық елдің қатарынан көрінді.


Атап айтарлығы, ел сот жүйесінің үш сатыға көшуі еуропалық стандартқа сай. Себебі, үш сатылы жүйенің қолайлылығы мен істің ұзаққа созылуын болдырмайтыны тәжірибеде дәлелденуде. Мемлекет басшысы жариялаған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамға» сәйкес, қазақстандық сот жүйесі  жаңғырып, сот төрелігіне деген сенім артуда. Мемлекет басшысы кіші және орта кәсіпкерліктің дамуына баса назар аударуда. Осы орайда, 2016 жылы Кәсіпкерлік кодексі күшіне енді. Бұл

кодекс кәсіпкерлерді тексеру мәселесін реттейді. Айта кетер жайт Елбасымыз кәсіпкерлік саласын қорғауды көптен айтып келе жатыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің инвестициялық көмекке қол жеткізуін қарастырады. Жалпы айтқанда, кодекс Қазақстандағы кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, оның ішінде мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру, кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеудегі олқылықтар мен қайшылықтарды жою, сондай-ақ, еліміздегі кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді жүйелейді. Заңға жүгінсек, кәсіпкерлік қызмет негізінен кәсіпкер атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Соған сай, бұл заңнама кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мақсатын көздейді.

Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері заңмен нақтыланды. Ең бастысы, кәсіпкер ел заңдарында өзгеше белгіленбесе, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен айналыса алады және бұл жолда оның барлық құқығы заңмен қорғалған.

Осыған сай, кәсіпкер заң және мемлекет алдындағы өз міндеттерін адал атқаруы тиіс. Бұл тұрғыда құқықтық мәдениет пен құқықтық сауатты көтеру қашанда өзекті. Себебі, салықтық даулардағы басты мәселелердің бірі құқықтық мәдениетке келіп тіреледі. Сотқа келіп түсетін істер көбіне кәсіпкердің өз міндетіне салғырт қарауынан туындайды. Уақытымен салық төлемейді, келісімшартты орындамайды. Мұның соңы сотқа шағымдануға әкеліп соғады. Сондықтан, кәсіпкерлерге мемлекет, Елбасы тарапынан жасалып жатқан жағдайлар үдесінен шығу міндет. Кәсіпкерлердің жауапкершіліктерін орындауы ел экономикасының дамуына өзек болады.

Себебі, Елбасы кәсіпкерлік қызметті «бұл – қазақстандық бизнестің конституциясы болуы тиіс» деп бағалаған болатын. Қоғамымымызда күрделенген мәселелердің заң жүзінде қорғалуы көңіл қуантпай қоймайды. Бұл да болса халықаралық ұйымдар тарапынан жоғары бағаланыып отыр.


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 3474    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.06.2018, 02:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31