Құқықтық реформа

Сот төрелігі «7 түйінінің» маңызы зор!

  • Сот төрелігі «7 түйінінің» маңызы зор!

    Сот төрелігі «7 түйінінің» маңызы зор!

Жыл басында Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Қажыманұлы еліміздегі сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша жеті басым міндетті саралап, алдағы уақытта орындалар мақсат ретінде белгілеп берген болатын. Судьялардан, адвокаттардан, сот қызметкерлерінен, заңгерлік қауымдастықтардан келіп түскен мыңнан астам ұсыныстың негізінде даярланған, оларды қорыту нәтижесінде анықталған «7 түйіннің» негізінде бүгінде қыруар жұмыс атқарылып жатыр.

Атап айта кетер болсақ, «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» секілді жеті топқа біріктірілген мақсатты жұмыстар бүгінде сот саласының дамуына жұмыс істеуде. Жеті жоба 2020 жылға дейінгі сот жүйесін дамыту тұжырымдамасының негізін құрамақ. Ең бастысы бүгінде осы жеті жобаның негізінде сот жүйесін одан әрі дамыту, сот төрелігіне сенімді арттырып, сот төрелігінің әділдігін, жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар атқарылуда. Тұтастай алғанда, аталған жобалар негізгі ортақ міндет – қоғамның соттарға деген сенімін арттыруға бағдарланған. Алдағы уақытта қоғамымызда мінсіз судьяның келбеті мен оған қойылатын басты талаптар анықталып, тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұранысына сай, жоғары кәсіби сот корпусы қалыптасып, сот төрелігін атқару кезіндегі судьялардың сыртқы және ішкі тәуелсіздігін заңнамалық, құқықтық және материалдық кепілдіктерін арттыру жұмыстары ойдағыдай жүзеге асып, сот саласы жаңа бір сапалық сатыға көтерілетініне сенім мол!

Айта кетер жайт, соңғы жылдары сот саласында жасалып жатқан жаңашылдықтар сот саласындағы көптеген мәселелердің тиімді шешілуіне түрткі болды. Мәселен «Сотсыз татуласу орталығының» жұмысына арқау болып отырған жеті түйіннің бірі медиация бүгінде елімізде жақсы дамып келеді. Дамыған елдерде даулардың 70-90 пайызы сотта татуласумен аяқталады. Қазақтың билер сотының көздегені де тараптарды татуластыру болатын. Міне, осыдан келіп «дау мұраты – біту» деген қанатты сөз қалған. Ата баба жолын ұстанып, рухани жаңғыру негізінде қайта оралып отырған осынау дәстүрдің тиімді жүзеге аса бастауы қуантпай қоймайды. Жоғары Сот Азаматтық процестік кодекс қабылданған кезден бастап, бітімгерлік тәсілдерді жетілдірумен айналысып келеді. Тұтастай алғанда, бұл институттың тиісті заңнамалық базасы жасалған. Бүгінде Жоғарғы Сот әралуан факторларды зерделей келе, медиация мен бітімгерлік шараларын ынталандыруға кірісті. Қазіргі таңда бірқатар істердің санаттарын сотқа жеткізбей шешу мақсатында нақты шаралар қабылданған. Мәселен, Кәсіподақтар федерациясымен меморандумға қол қойылып, бұл құжаттың аясында бітімгерлік тәсілдерді дамытуға аса мән беріліп отыр. Кәсіподақтар қызметі, негізінен, еңбек дауларына байланысты жүзеге асырылатынын ескерсек, мұндағы бірлескен іс-қимыл ауқымының кең болатынын пайымдау қиын емес. Сондықтан, меморандумның бір тармағы кәсіподақтар аясында соттан тыс мәмілелесу орталығын ашуды көздейді. Бұл орталықты ашу – Жоғарғы Соттың бастамасы. Мұндағы негізгі мақсат осы орталыққа психологтар мен нотариустарды, сот орындаушыларын, медиаторларды, барлық әлеуметтік қызметтің өкілдерін жинау. Бір сөзбен айтқанда, татуластыру рәсімдерін барынша дамытуға қолайлы жағдай жасау. Бұл медиация негізінде жасалып жатқан жүмыстардың бір парасы ғана.

Жалпы алғанда, сот жүйесінде атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – соттар жұмысын тиімді ұйымдастыру. Қай жерде кезек көп, қай жерде сот процестері уақытында басталмайды, ақпараттар аз, сол жерде жұмысты ширатуға баса назар аударылуда.

Сондай-ақ «Е-СОТ» жобасының негізінде сот саласында дыбыс-бейнетіркеу жүйесін қолданып, қағаз айналымын барынша азайту мақсат етіліп отыр. Қылмыстық іс бойынша да электронды сот ісін жүргізу кеңінен қолданылуда. Тараптардың сотқа келмей-ақ процеске қатысу мүмкіндігі артуда. Адамдар үйінде, жұмысында немесе шетелде жүріп-ақ сот процесіне гаджет арқылы қатысуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда Қазақстандағы барлық соттар 100 пайыз деңгейде ғаламторға қосылған. Судьялар электронды үлгіде қылмыстық сот төрелігі бойынша да жұмыс істеуге дайын. Сондықтан сот саласын жаңа бір сапалық деңгейге көтеріп жатқан «7 түйін» жобасынан әлі де күтер үміт мол!

Данияр Қырықбаев, Алматы қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы


 




Көрілген: 5157    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 18:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31