Құқықтық реформа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниетті нығайып келеді

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниетті нығайып келеді

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдиниетті нығайып келеді

Дүние жүзінде сыбайлас жемқорлық мәселесімен бетпе-бет келмеген мемлекет кемде-кем. Сондықтан болар, онымен күрес жұмыстары уақыт көшінен еш қалған емес. Жемқорлықты жою мақсатында түрлі қатаң шараларды қолданып, тарихта аты қалып жатқан елдер де бар. 


Дейтұрғанмен, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында заң қаталдығы аздық етеді. Жемқорлықпен күрес кез келген елдің күн тәртібінен түспейтін саясатқа айналуы тиіс. Осы саясатты қалыптастыра отырып, қоғамды қайтсек жемқорлық індетінен тазартамыз? Қайтсек, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырамыз? Бұл сұрақтарға жауап табуымыз керек-ақ. Әрине, мұның бәрі халықты жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуден, жас ұрпақты жаман әдеттен аулақ болуға үйретуден басталады. Ең бастысы, кез келген жемқорлық әрекеті мемлекетке, қоғамға, әлеуметке, қала берді, әрбір жеке азаматтың құқығына қарсы екенін насихаттаудан жалықпаған абзал. Әр азамат өзінің жемқорлыққа төзбеушілігін ашық жариялап, қандайда бір заңбұзышулыққа куә болса, оны ашық әшкерелеуден тайсалмағаны жөн.

Елбасының «Қазақстан жолы –2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында: «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген. Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін түйткілді мәселелермен сыйыспайтыны анық. Елдің ертеңі үшін, болашақ ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою міндетіміз.

Қазіргі кезде мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген. Олай болса, ел тұтастығы мен қоғамға қауіп төндіретін жемқорлық індетінен бойымызды аулақ ұстап, оған төзбеуіміз керек.

Сәдуақас Сакен

Алматы қаласы Әуезов аудандық соты


 



Көрілген: 1383    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.10.2018, 16:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30