Құқықтық реформа

«Цифрлы Қазақстан» сот саласының дамуына себепші

  • «Цифрлы Қазақстан» сот саласының дамуына себепші

    «Цифрлы Қазақстан» сот саласының дамуына себепші

Ақпараттық технологиялар немесе қысқаша айтқанда ІТ саласы мен цифрлы технологияларды дамыту қажеттігін Елбасы өзінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған жолдауында баяндаған болатын.

Жолдауға сәйкес елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Ақпараттық технологиялар жедел дамып бара жатқан мына заманда IT саласын дамытпасақ, дамыған 30 елдің қатарынан көріну қиын болады. Себебі, өркениетті елдердің барлығы осы цифрлы жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуын және халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.

Бұл саланың берері мол екеніне көздері жеткен көптеген дамушы елдер қаржысын да, ресурсын да аяп жатқан жоқ. Осы елдердің арасында Қазақстан да бар. Жалпы, сандық технологиялардың біздің қоғамға берер артықшылықтары көп. Біріншіден, сандық технологияларды мемлекеттік органдардың қызметіне енгізсек, ол мемлекеттік органға тиімді болатыны және қызмет көрсету деңгейі жоғарлайтыны сөзсіз. Екіншіден, қарапайым тұрғындардың сандық технологияларды меңгеруі дамыған сайын қажетті ақпаратқа қол жеткізу және үкіметпен байланыс орнату барысында елеулі ілгерілеушілік пайда болады. Үшіншіден, ақпаратты алмасу мен сақтауда алға басарымызға да күмән жоқ.

Соңғы жылдары Жоғарғы сот заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы электрондық іс қағаздарын жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн. Қазір, күнделікті сот тәжірибесінде соттар IT-технологиялар және ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастаған. Себебі жаңа технологиялар сот ісін жүргізу уақытын елеулі түрде қысқартып, сот жұмыстарының көрсеткіштерін оңтайландырады, ең бастысы, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Бiрыңғай электрондық құжат айналымы қағазбастылықтан құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге, түрлi шығындарды азайтуға айтарлықтай себебiн тигiзуде. Сондай-ақ, құжат айналымының электрондық тәртiпке көшуi, мемлекеттiк мекемелердiң қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз етiп отырғаны байқалады.

Жаңа технологияларды енгiзу және қолдану сот жүйесiнде қазiргi заманғы технологияларды енгiзу және қолдану сот iсiн жүргiзудi жеңiлдетiп, бюрократиялық кедергiлердi жоюда. Жалпы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне жаңа технологияларды енгiзу, халықтың сот төрелiгiне қолжетiмдiлiгiн жоғарылатып, құқықтық қоғамның мүшелерiне және бұқаралық ақпарат құралдарына сот қызметi туралы жедел және ашық түрде ақпарат алуға мүмкiндiк беріп жатқанын атап өту қажет. Қазiргi таңда сот саласын барынша технологиямен жабдықтау қажеттiлiгi сезiлуде. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.


Е.Сериков, Бостандық ауданының №2 аудандық сотының жетекші маманы


 




Көрілген: 5550    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 17:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31