Құқықтық реформа

Цифрлы технология сот қызметінің сапасын жақсарта түсті

  • Цифрлы технология сот қызметінің сапасын жақсарта түсті

    Цифрлы технология сот қызметінің сапасын жақсарта түсті

Соңғы жылдары еліміздің сот саласының цифрлы технологияға бет бұруы саланы айтарлықтай дамытты. Бүгінде сот саласында жаңа технология мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланып, оған қарапайым халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету жолында жасалып жатқан жұмыстар жетерлік деуге болады.

Соның бірі «Сот кабинеті» электронды сервисі Қазақстанның сот жүйесінде сәтті іске асырылуда. Бүгінде аталмыш жүйе сот органдарының онлайн сервистеріне және көрсететін қызметтеріне қол жеткізетін жалғыз терезе. Осы арқылы азамат, оның өкілі немесе адвокаты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, үйден, кеңседен шықпай-ақ, ғаламтор желісі арқылы өтініш пен арызды электрондық түрде жібере алады, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеп, сот құжатын, сондай-ақ істің бүкіл тарихын қарап, сот актісін басып шығара алады және аталған істің процессуалдық мерзімдерін де қарай алады. Бұл жалпы азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, ақпаратқа қолжетімділікке де жол ашуда. Осылайша, онлайн сервистерді жаңғырту және сот ісін жүргізуді жеңілдету мәселелері шешімін табуда. Сот төрелігін жүзеге асыру процесін жеңілдету, оны басы артық төрешілдік рәсімдерден арылту – азаматтардың күнделікті өмірінде және мемлекеттік билік органдарының жұмысында орныққан жаңа ақпараттық технологияларды белсенді түрде енгізудің арқасында мүмкін болды. Ал бұл көптеген қолайсыздықтардан арылуға және уақыт пен қаржы ресурстарын аз жұмсау арқылы барынша тиімді нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Электрондық сот ісінің жеделдігі мен оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ оған азаматтардың қашықтан қатысу механизмін оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми сайтында «Сот кабинеті» сервисі іске қосылып жұмыс жасауда.

Қазіргі кезде жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында халыққа қолжетімді болу мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесін қолдану үшін арнайы орындар ашылып, сотқа электронды өтініштер мен арыздарды Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жолдауға болады. Азаматтар кез келген уақытта өздерінің істері бойынша сот құжатын қарап, іспен танысуға, сот актісін басып шығарып алуға болады. Сонымен бірге «Сот кабинеті» сервисі арқылы мемлекеттік алымдарды да онлайн түрінде төлеуге болады. Сотта енгізілген жаңа технологиялардың қызметі туралы насихаттау жұмыстары үнемі жүргізілуде. Жасалып жатқан ізгі бастаманың барлығы халық үшін. Сот саласында қолға алынған жаңа реформалардың, соңғы жаңалықтардың да барлығы көпшіліктің игілігіне қызмет етуде.


Дүмшебай Айжан Жаңабайқызы, Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы

 




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.03.2019, 16:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31