Заманауи сандық технология уақыт талабы

Заманауи сандық технология уақыт талабы

Қазақстан – құқықтық жүйесін әлемнің озық стандарттарына сай келтіру үшін тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ өркениетті елдер тәжірибесін тыңғылықты зерделей отырып, бүкпесіз ашық сот жүйесін қалыптастыру мақсатында келелі шаралар қабылдап келе жатқан ел.

Сондай-ақ Елбасы озық сот тәжірибесін қалыптастыру мен сот өндірісін жетілдірудің негізгі көзі инновациялық технологияны кеңінен пайдалану екенін атап айтқан болатын. Бүгінде ол іске асып, соттар қағазбастылықтан арылып, электронды технологияға негізделген, заман талабына сай, оңтайлы, қолжетімді, ашық сот процестері базасы жасалды. Осы ретте соңғы уақытта Жоғарғы Сот жүргізіп жатқан сот жүйесін цифрландыру жұмысының қарқыны көңілге қуаныш ұялатады.
Тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру бағытында көптеген батыл қадамдар жасалынып, игі бастамалар қолға алынды, бұрын-соңды болмаған, көптеген дамыған елдерде іске аспаған жаңалықтар енгізіліп, үлкен маңызды шаралар іске асырылуда. Сондықтан да мемлекеттік цифрландыру бағдарламасы – бүгінгі сот жүйесі қолданысындағы ірілі-ұсақты реформалар маңызын айшықтап қана қоймай, олардың бір-бірімен үйлестігін, қарама-қайшылықтарын, әсерін және өміршеңдігін нақты ашып көрсетуде. Сот жүйесінің ашықтығы қоғам сенімін арттырудың кепілі десек, саланы цифрландыру бүгінгі заман талабы. Сот саласын барынша қолжетімді және ашық етумен қатар, судьялар жүктемесін азайтып, қаралатын істер сапасын арттыруға тиімді ықпал ететін озық ақпараттық технологияны көбірек қолдануды қоғамымыз басты мақсат етіп отыр.
Соңғы жылдары Жоғарғы сот заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы электрондық іс қағаздарын жүргізуге және сот ісін жүргізуге ауысу бойынша үлкен жұмыс атқарғанын айта кеткен жөн. Қазір, күнделікті сот тәжірибесінде соттар IT-технологиялар және ғаламтор ресурстарының мүмкіндіктерін көбірек пайдалана бастаған. Себебі жаңа технологиялар сот ісін жүргізу уақытын елеулі түрде қысқартып, сот жұмыстарының көрсеткіштерін оңтайландырады, ең бастысы, халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Сот жүйесінің цифрландыру бағытындағы тағы бір жарқын қадамы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысының қатысуымен іске қосылған Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығын айтуға болады. Ахуалдық орталық Жоғарғы Соттың ғимаратында орналасқан, ол тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылады.
Азаматтардың еркін түрде кез келген қызметке қолжетімділігін қалыптастыру, үйден шықпай сотқа арыз-шағым беру немесе қаладан қалаға сапарлатпай, сот отырысына қатыса алуы, тіпті кейбір қылмыстық істердің қозғалысын ғаламтор арқылы бақылау мүмкіндігі мемлекеттік қызметке деген ашықтықты көрсетсе, соның ішінде сот билігіне деген сенімді қалыптастырары сөзсіз. Қорыта айтқанда, бүкіл саланы цифрландыру – жаңғыру мен жаңаруға ұмтылған келешек ұрпақтың бақытты өмір сүруінің нақты кепілі болмақ.
Қаныбеков Мақсат Бауыржанұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста