Құқықтық реформа

Заманауи технологиялар сот процестерін жетілдіруде

  • Заманауи технологиялар сот процестерін жетілдіруде

    Заманауи технологиялар сот процестерін жетілдіруде

Сот жүйесін халыққа қолжетімді, ашық етудің бір жолы ретінде сала жұмысына заманауи ақпараттық технологиялардың енгізілгені белгілі. Осылайша бұрын көпшілікке таңсық болып келген жаңа технология сот саласын мүлде соны сүрлеуге түсіріп, құрылым жұмысына серпін берді.


Қарапайым ғана мысал, күні кеше сотқа шақыртуларды поштамен жөнелтіп, өзге мемлекеттік органдар арасындағы байланыс та хат-хабар арқылы өрбитін. Ол хат жазылып, жөнелтілгенше, одан діттеген жерге жеткенше, жауап келгенше бірталай уақыт өтетін. Жаңа технология осы күнге дейін уақытымызды ұрлап келген ескі байланысқа нүкте қойды. Енді SMS хабарламаны бірден азаматтарға жіберіп, сотқа шақырту процесі әлдеқайда жеңілдеді. Бұл бастаманың игілігін өзге мемлекеттік мекемелермен байланыс барысында да тиімді пайдаланып отырмыз.


Еліміздің сот жүйесінің бүгінгі ғылым мен техниканың жетістігін өз тәжірибесіне кеңінен енгізуі заман талабынан туындаған қажеттілік қана емес, бұл сот төрелігін барынша халыққа ашық әрі қолжетімді ету мақсатында қолға алынған игі шара. Сот жүйесінің сапасын арттыруда да заманауи технологиялардың берері мол. Әсіресе, бұл сот қызметкерлерінің жүктемесін азайтып, әділсот жұмысын оңтайлы ұйымдастыруда да ақпараттық технологиялардың көмегі өлшеусіз. Осы ретте, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қазақстандық сот жүйесінің тәжірбиесіне заманауи технологияларды енгізу қажеттілігі туралы көтерген тың бастамасының арқасында сот саласы дамудың жаңа кезеңін бастан кешіп жатқанын атап өтпеске болмас. Сот жүйесіне енгізілген заманауи ақпараттық технологиялар электронды инновациялық сот төрелігін атқарумен ұштасады. Бұл сот қызметінің ашықтығы мен жариялылық қағидатын ұстанып, халықтың сотқа деген қолжетімділігі мен сенімін арттыруға өз септігін тигізуде. Жалпы бүгінгі технология дамыған заманда қағазбастылық мәселесі электронды үкімет жобасының арқасында халықтың пайдасына қарай шешілді.


Электрондық озық технологиялардың қолданылуы судьялар мен сот мәжілісінің хатшыларының жүктемесінің жеңілдеуіне, сот отырысының хаттамасындағы ескертулерді азайтуға, сот ісін жүргізу рәсімін жеңілдетуге ықпалын тигізіп, халықтың сотқа қолжетімділігі мен сенімін арттырады.


Заманауи ақпараттық технологияны сот жүйесіне енгізу және оны одан әрі жетілдіру сөзсіз сот билігінің беделін жоғарылатуда, халық сенімін арттыруға септігін тигізеді.


Сот саласындағы жүргізіліп жатқан тың реформалар мен жаңашылдықтар құқықтық саясаттың басты қағидаттарын басшылыққа алып, мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға бағытталған. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде демократиялық және құқықтық мемлекеттің сұранысына сай жасақталған сот жүйесі қалыптасып, тұтастай алғанда толық қанды жұмыс атқарып келеді.


 


Ақерке Умирбекова, Алматы қаласы №2 Бостандық аудандық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы 




Көрілген: 3923    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.05.2018, 21:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қаңтар, 19:08
    Электронды сот жүйесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30