Заңдарды ізгілендіру заман сұранысы болып отыр

Заңдарды ізгілендіру заман сұранысы болып отыр

Соңғы жылдары елімізде заңдарды ізгілендіру жайы жиі айтылады. Заңдарды ізгілендіре отырып, қоғамымызды ізгілендіру басты мақсатымыз да болып отыр. Осы орайда елімізде заңдардың жиі өзгертіліп және толықтырылып отыруы құқықтық мемлекет құру жолындағы талпынысымыз. Жалпы жиі айтылып жүрген әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жайы да соның көрінісі, дәлелі.

Реформаға негізделетін маңызды қадам қылмыстық жазалау саясатын ізгілендіру болып табылады. Елбасы қылмыстық заңнама мен сот төрелігін құқықтық мемлекет стандарттарына келтіру, қылмыстық жауаптылық пен жазалаудың репрессивтілігі мен ауырлығын азайту, қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылық кепілдіктерін күшейту міндетін қойды.

Аталмыш мәселені сөз еткенде Елбасының халыққа жолдауына арқа сүйейтініміз анық. Өйткені, Жолдау – мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық қана емес, сонымен бірге құқықтық даму жолын да айқындап отыратын құжат. Биылғы Жолдауында Президент Нұрсұлтан Назарбаев КСРО күйреп, Тәуелсіз мемлекет құруымызды бірінші жаңғыру, «Қазақстан-2050» стратегиясының қабылдануы мен Астананың салынуын және еліміздің дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіруін екінші жаңғыру деп атай келе, үшінші жаңғыру міндетін қойды. Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру де осы міндет аясында жүктеліп отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы тоқырауда түрлі қылмыстар белең алып, қылмыс деңгейінің артқаны мәлім. Бұл өз кезегінде заңдарды қатайту қажеттілігін тудырғаны сөзсіз. «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды» деп батыр Бауыржан Момышұлы айтқандай, бар салада тәртіп орнату үшін талапты күшейту керек болды. Ал, қазір заманның дидары өзгерді. Соған сәйкес кей баптардағы жаза түрлерін жеңілдету, заңдарды ізгілендіру секілді шаралар бүгінгі күннің талабына айналып отыр. Елбасының жолдаудағы тапсырмасына сәйкес, мұндай өзгертулер мен толықтырулар көбіне экономикалық қылмыс түрлеріне қатысты орын алмақ.

Ізгілік жалпы қағидасы, ең алдымен заңды белгілеп арнайы мақсаттарына адам мен азаматтың бостандықтары мен заңды құқықтарын қорғауды ұйымдардың заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысымен аумағының тұтастығын сақтау жатады.

Бұған дейін де жаңадан қабылданған Қылмыстық кодекске «қылмыстық теріс қылық» ұғымы енгізіліп, заңды ізгілендіру жолында қадам жасалған болатын. Жалпы алғанда, заңды ізгілендіру арқылы қоғамды ізгілендіретінімізді ұмытпауымыз керек.

А. Т. Байдаулетова, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының судьясы 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста