Құмшарық

Құсанбектің сыйлығы Құранбекке бұйырды

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегерлері анықталды. Кеше одақ төрағасы Сейітқазы Матаев жылдың үздік журналистерін марапаттады.

Репортерлік жұмыстар бойынша Тәжік телеграф агенттігінің шығарылым жетек­шісі Кемар Машанло, Zakon.kz порталының журналисі Торғын Нұрсейітова, эконо­ми­ка­лық шолулар бойынша ҚазТАГ-тың халық­аралық ақпарат қызметінің жетекшісі Расул Рысмағамбетов, «Интерфакс – Қазақ­стан» ақпарат агенттігінің бас редак­то­ры Вячеслав Пащенко, саяси шолулар бойынша «Хабардағы» «Көзқарас» бағ­дар­ламасының жүргізушісі Ирак Елекеев, Zonakz.net бас редакторының орынбасары Ғымран Ерғалиев, журналистік тексерістер бойынша «31 арна» телеарнасының «Сөз­дің шыны керек», «Честно говоря» бағ­дар­ла­маларының редакторлары Ирина Әлім­жа­нова мен Полина Шиманская, тың ізде­ністер бойынша «Қазақстан патриоты» журналының бас редакторы Раушан Кәрі­ша­лова, «Отан сақшысы – Часовой Роди­ны» газеті бас редакторының міндетін атқа­ру­шы Кенжебек Сейітмұхаммедов, теле­ви­зиялық жұмыстар бойынша «Қазақ­стан – Тараз» телеарнасының жүргізушісі Ғайни Әлімбекқызы, «Жетісу» теле­арн­а­сы­ның редакторы Антон Хатеновский, зерт­теушілік жұмыстар бойынша «Марал адам» киноэссесінің түсіру тобы өкілдері Жұмаділ Әділбаев пен Анатолий Лаптев, ғылыми-көпшілік жұмыстар бойынша «Казахстанская правда» газетінің арнаулы тілшісі Дулат Молдабаев пен «Егемен Қазақ­стан» газетінің шолушысы Анар Төлеу­хан және медиажоба номинациясы бойынша «Новая газета» басылымының жетекшілері Сергей Кожеуров пен Дмитрий Мұратов үздік деп танылды. «Қазақстан – Zaman» халықаралық газетінің Рахымбай Ханалы атындағы дәстүрлі сыйлығы «Дала мен қала» газетінің фототілшісі Қайрат Мұ­қаш­ұлына берілді. «Қазинпресс» редак­циялық-баспалық тобының Амангелді Ахметәлімов атындағы сыйлығына – журналист Әділ Ыбыраев, Бейбіт Құсанбек атындағы атаулы сыйлыққа «Қазақстан» ұлттық арнасының жүргізушісі Бейсен Құран­бек ие болды. Қазақстан Журна­лис­тер одағы түрлі құрылымдарды жұрт­шы­лық­пен, әсіресе ақпарат құралдарымен байланыстырып жүрген бір топ қызметкерді арнайы дипломдармен марапаттады. Олардың қатарында ҚР Президенті жанын­дағы Орталық коммуникациялар қыз­ме­ті­нің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­­вер­­­ситетінің баспасөз хатшысы Дәурен Дүй­себаев, «Қазақтелеком» АҚ-тың қоғам­мен байланыс жөніндегі қызметінің жетек­шісі Юлия Исакова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиан­беков бар. Сейіт­қазы Матаевтың айтуынша, биыл шығар­ма­шылық байқауға еліміздің әр аймағынан барлығы 68 жұмыс түскен.




Көрілген: 3201    Пікірлер: 0

жұма, 28.06.2013, 12:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31