Елімізде әскери ғылымның дамуына не кедергі?

Елімізде әскери ғылымның дамуына не кедергі?

Қай салада болмасын, бәске­лестік негізгі құндылыққа айналып отырған қазіргі заманда ғылым мен білімсіз жетістікке жету мүмкін емес екендігін айтып түсіндірудің өзі – артық. Барлығы да философияның «алдымен идея, содан кейін идеяны жүзеге асыру» принципіне сүйенеді. Дәл осы тұжырымға мысал ретінде ел экономикасын қарқындату мақсатында «Ғылым туралы заң» қабыл­данып, индустриялық-инно­ва­ция­лық ұзақмерзімді бағ­дар­лама бекітілгенін айтуға болады. Әр мемлекет төрт құбыласын теңестіру үшін тер төгеді. Ғылымға көңіл аударған біздің елде сол ғылымның әске­ри саласының ахуалы нешік? Қа­зақстан мен көршілес елдер­дегі әскери ғылымның қазіргі жағ­дайын салыстырып көрген едік.
Әдетте, біз әскери әлеуетіміз туралы әңгімемізді, елдегі әскери ғылым жайлы сөзімізді «Орталық Азияда үздікпіз» деп тамамдаймыз. Мұны біз ғана емес, әскерилердің өздері де нақтылайды. Тіпті мүйізі қарағайдай мамандар да «ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Украина сияқты елдерден кейінгі қатарда тұрмыз» дейді.
Сағымжан АСЫЛ-КЕНЕЙ, ТМД елдері лаңкестікке қарсы орталығының бірінші орынбасары, генерал-майор:
– Қазақстандағы әскери ғылым енді ғана дамып келеді. Бұрындары мемлекет экономикасы сын көтермеген жылдары әскери ғылымды дамытпақ түгіл, әскери кадрларды сақтап қалу қиын болатын. Бірақ қазіргі жағдай мүлде басқаша. Біріншіден, жыл сайын әскери салаға бөлінетін қаржы көбейіп келеді. Тиісінше, әскери ғалымдардың да қарасы көбейіп жатыр. Әрине, әскери ғылымда пәлендей жаңалықтар бар деп айта алмаймын. Екіншіден, Қорғаныс министрлігі білім алсын деп балаларымызды жыл сайын шетелдерге оның ішінде әскери ғылымы дамыған АҚШ, Ресей сияқты мемлекеттерге жіберіп жатыр. Сол студенттер үлкен тәжірибелі маман болып оралады деген ойдамыз. Міне, осындай себептер әскери ғылымды тұралатпас деген ойдамын. Қазірдің өзінде ТМД мемлекеттері ішінде Ресей, Украина сияқты мемлекеттермен алдыңғы қатарда тұрмыз.
Мемлекет тарапынан енді ғана көңіл бөлініп жат­қанымен, жасыратыны жоқ, ТМД кеңістігіндегі мемле­кеттердің бәрі кеңестік кездегі көне жолмен жүріп келеді. Ғылымда жаңа соқпақ салынбағандықтан, әскери ғылым да кенжелеп тұр. Қару ойлап табу былай тұрсын, соңғы уақыттарда әскердің қимылын дамытуға септігі тиетін бірде-бір үлкен жаңалықтар ашылмаған. Өкінішке орай, бұл – біздің елге де тән құбылыс.
Сонымен Қазақстандағы әске­ри ғы­лым­ның дамуына не кедергі? Біздіңше, кедергі көп. Ең біріншіден, әскери ғы­лы­ми-зерттеу инс­титуттары мен жоғары оқу орын­да­рының санын арттыру қа­жет. Се­бебі біздегі әскери жоғары оқу орын­дары­н­ың жалпы саны 10-ға жетер-жетпес. Әскери ғылыми-зерттеу институттары да кейінгі жылдары ашыла бастады. Әлі бірде-бір әскери жоғары оқу орны жоқ Астанадан әскери білім ордасын ашу қажет. Салыстырмалы түрде айта кететін болсақ, солтүстіктегі көршімізде 98 ірі жоғары оқу орындары бар екен. Бір ғана Мәскеуде 16 университет әскери мамандар мен ға­­лымдар әзірлеп жатыр. Тіпті әрбір қа­ласында әскери білім ордалары бар десек, артық айтқанымыз емес. Сондықтан да бо­лар, еліміздің жастары өзге мемлекеттер­ден білім алғанды құп көреді. Нақты дерек келтіре кетсек, жыл са­йын әлемнің 12 мемлекетінде орна­лас­қан 72 жоғарғы оқу орнына елімізден 100-ден астам әске­ри қызметкер білім алу мақсатында жіберіледі. Шетелдерде қа­зақстандық әскерилер 240 мамандық бо­йынша білім алады екен. Яғни отандық әс­ке­ри ғылым-білім ошақтары үлкен жа­ңалықтар ашқаннан бұрын, ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай отыр.
Елдос ҚАНАТБЕКҰЛЫ, Г.К. Жуков атындағы әуе-ғарыштық қорғаныс әскери академиясының курсанты:
– Менің мамандығым – көпарналы зенитті-зымыранды пайдалану бойынша инженер. Мен қалаған мамандық бойынша білімді осы оқу орнында жақсы беретінін бұрыннан білетінмін. Бұл жерде әлемнің көп­те­ген мемлекетінен жастар келіп оқып жатыр. Оның себебі оқу орнындағы бі­лікті мамандардың сабақ беруі деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, өзіммен қатар оқитын қатарластарымның көпшілігі оқу­ды аяқтап, елге барғанда жақсы мансап қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеді. Шетелде білім алуға құштарлықтың болуына осындай да себептер болуы мүмкін.
Екіншіден, шекарадан тысқары білім алып жатқан мамандардың интеллектуалын пайдалану үшін Ресейдегідей әскери ғылымдар академиясын құрғанымыз жөн. Көрші елдегі әскери ғылым ака­де­мия­сының зерттеу жұмыстарын атқару­шы биліктің федералды органдары пайдаланып жатады. Нақты мысал ретінде, РФ ӘҒА президиумының мәліметтерін келтіре кеткеніміз дұрыс болар. 2000-2005 жылдар аралығында академия ға­лым­дары Федерация Кеңесі, Мемлекеттік Дума, Үкімет, Қауіпсіздік кеңесі, Қорғаныс министр­лігінің тапсыр­ма­лары бойынша 120 ірі ғылыми-зерт­теу жұмыстарын жүргізген екен. 65 тео­риялық жұмыс пен 250 ғылы­ми жұ­мыс­тар тапсырған. 75 федералды заң жоба­сына атсалысыпты. Міне, осы­дан-ақ көрші елдің әскери ғылымға қан­ша­лықты көңіл бөлетінін көруге болады.
Үшіншіден, әскери саладағы ақпа­раттық жұмыстар көңіл көншітпейді. Әс­ке­ри салаға мамандарды көптеп тар­ту­дың бір амалы – ақпараттандыру. Сә­уір айында әскери доктринасының жа­ңа мәтінін әзірлеген Украина алдағы уақытта саладағы күрделі проблемаларды еңсеруге кіріспек. Ғылы­ми, ақпараттық ресурстарын кеңейтуді де ойластырып отыр. Біз жоғарыда мысал еткен Ресейде қа­зіргі таңда әскери бұқара­лық ақпарат құралдарының бәсі жоғары. Қа­зір­гі уа­қытта бұл елде — бір орталық газет, сегіз жур­нал, 11 округтік флоттық, 11 армия басылымы, ЖОО-ның 27 газеті бар. Олар­дың кейбірінің таралымдары 160 мыңға жетеді. Сонымен қатар жалпыресейлік әскери телеарна, бір орталық телерадиос­тудия, бес округтік телестудия және ЖОО-ның 14 теле-радиоорталығы жұмыс істей­ді. Қазіргідей ақпараттық заманда әс­ке­ри ғылымның дамуы зор ықпал ететін са­ланың бірі – дәл осы әскери ақпараттық са­ла. Сондықтан осы проблемаларды да ашық көтеру қажет.
Данияр Төлендинов, Г.К. Жуков атындағы Әуе-ғарыштық қорғаныс әскери академиясының курсанты:
– Менің Тверьге келіп білім алуыма жасы үлкен замандастарымның ықпалы болды деп ойлаймын. Әскери білім алу  — менің бала кезімнен бергі арманым. Қазақстандағы әскери оқу орындарында да білім алуға болатын еді. Бірақ мен мек­тепті тамамдаған жылы еліміздегі әскери ЖОО-ды жақсы білмедім. Бір сөз­бен айтқанда, ақпарат жағы жетіспеді.
Төртіншіден, әскери пікірталастар жетіспейді. Яғни бірыңғай әскери жетістіктер ғана емес, саладағы кемшіліктер де ашық айтылуы қажет. Мысалы, әлемнің көптеген мемлекеті қаруын аттай қалап алдыратын, әскери ғылым саласында үлкен жетістіктері бар деп бағаланатын Ресейдегі жағдай жуырда қатты сынға алын­ды. Әскери саладағы ахуалды бес саусағындай білетін Ресей Бас штабының басшысы, армия генералы Николай Макаров өз еліндегі әскери ғылымды «шенім бар екен» демей, кемшіліктерді ашып айтып, ашық сынады. Ол өз мәлімдемесінде: «Соңғы 20 жылда әскери ғылым дамыма­ған­дықтан, әскери өнерді де заманауи деңгейге көтере алмадық. Біз әлі күнге дейін ескі өлшемдермен өмір сүріп жүр­міз», – деді. Ресей осылай деп жатса, өзге мем­лекеттер де ойлануы керек-ау.

Түйін
Әрине, Николай Макаровтың пікірінің астарында көршімен емес, Батыспен, АҚШ-пен салыс­тыру жатыр. Империалистік көзқарас бар жерде қана­ғат­шылдық та аз болады. Ресей әскери ғылымын сынап жатқан­мен, көптеген ел­дер­ден көшілгері екендігін жасыра алмаймыз. Бізде соңғы жылдары ғана әске­ри салаға көңіл аударыла бастады. Жоғарыдағы проблемаларды шешіп, қа­зіргі Ресейдің деңгейіне жету үшін біршама уақыт қажет. Қалай болғанда да, әскери ғылымды қолға алу – кезек күттірмейтін мәселе.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста