Құрбан айт - 2014

Бір отбасыға бір құрбандық жете ме?

  • Нұрғиса Елеубеков (фото)

    Нұрғиса Елеубеков (фото)

Негізі Құрбан айтта құрбандық шалу кімдерге міндет етілген? Жалпы бір отбасы бір құрбандық шалса жете ме?

Айсара,
Кентау қаласы

Бұл сұраққа Muslim.kz сайтында былай деп жауап берілген:

Ханафи мәзһабы бойынша төмендегі талаптарға сай әр адамға құрбандық шалуы уәжіп:

1.Мұсылман болуы керек. 2.Тұрғылықты (жолаушы болмауы тиіс). 3.Ақыл-есі дұрыс. 4.Балиғатқа толған. 4.Бақуатты. (Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын немесе осы құнға тең келетін артық мүлікке ие болу).

Бұл дегеніміз, бір отбасыдағы кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс және де өзінің жеке байлығы бар ұл-қыздары мен өзінің жеке байлығы бар зайыбы да өз алдына бір қой құрбандық шалуы тиіс. Әкесінің шалған бір қой құрбандығы оларға жүрмейді.

Бірақ, өз дүниелері болмаса, отағасының шалған құрбанының сауабы оларға да жазылады. Себебі, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) шалған құрбанының сауабын үмбетімен де бөлісетіндігі риуаят етіледі. Сахаба Жәбір ибн Абдулла былай дейді:"Пайғамбарымызбен бірге құрбан айт намазын оқыдым. Ол (с.а.у) намаздан шығып, бір қошқар алып келді. Оны құрбандыққа шалып жатып: "Бисмилләһи Аллаһу әкбәр. Уа Раббым! Бұл (құрбандық) менің және үмбетімнің ішінен құрбандық шала алмағандар атынан", – деді.




Көрілген: 2198    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.09.2014, 13:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек 2014
    Айттық деген не?
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт намазы
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт батасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30