Құрбан айт - 2014

Бірігіп құрбан шалуға бола ма?

  • Нұрғиса Елеубеков (фото)

    Нұрғиса Елеубеков (фото)

Жалғыз өзім құрбандық шалуға мүмкіндігім жетпей тұр. Осы ретте сұрайын дегенім, үш-төрт адам бірігіп құрбан шалуына бола ма? Оның үстіне, кейбіреулер қыз балаға құрбан шалуға болмайды дейді. Бұл рас па?

Назгүл, Атырау қаласы

Әйел кісіге өз қолымен құрбанын шалуына да, сондай-ақ, өзгеге шалдыртқанда қасында қарап тұруына да болады, мұның ешбір ағаттығы жоқ. Бұған дәлел келтірер болсақ, «Әл-Мүстәдрак» атты хадис жинағында келген бір риуаятта Алланың Елшісі (с.ғ.у.) қызы Фатимаға: «Ей, Фатима! Құрбан малыңның қасына барып, қарап тұр! Оның қанының алғашқы тамшысы сенің өткен күнәларыңның кешірілуіне себеп болады. Құрбан шалынып жатқанда мынаны оқы: «Сөзсіз менің намазым да, құлшылығым да, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһ тағала үшін!», – деп кеңес еткен.

Ал енді бірігіп құрбан шалуға қатысты айтатын болсақ, қой немесе ешкі іспетті ұсақ малды құрбандық ретінде тек бір адам ғана шала алады. Ал түйе немесе сиыр секілді ірі-қара малдарды бір кісіден жеті адамға дейін бірігіп немесе бір адам жеке өз атынан да соя алады. Құрбандық шалуға біріккен кісілердің барлығының ниеті құрбандық құлшылығын өтеу мақсатында болуы керек. Егер осы адамдардың ішінен біреуі құбандыққа тек ет алу ниетімен қосылса, барлығының да құрбандығы құрбандық ретінде саналмайды.

Жауап Muslim.kz сайтынан алынды




Көрілген: 2918    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.09.2014, 13:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек 2014
    Айттық деген не?
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт намазы
    23 Қыркүйек 2014
    Құрбан айт батасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30